» » МИКРО ЖӘНЕ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

МИКРО ЖӘНЕ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ


Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау- аудан дамуының негізгі бағыттарының бірі. Осыған орай бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өткізілді.

Отырыстың күн тәртібінде Үкімет басшысы мен Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте көтерілген микро және шағын бизнесті қолдау шаралары талқыланды.

Жиын барысында аудан әкімі «Ауыл аманаты» жобасының аудан көлемінде жүзеге асырылу барысына тоқталып, жоба аясында беріліп жатқан қайтарымсыз несие қаражаттарының мақсатты игерілуіне тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Бүгінде макроэкономикалық көрсеткіштерге сәйкес биылғы жылы қаңтар – қараша айларындағы бөлшек сауда көлемі 10 818,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,5 пайыз өсім қалыптасып отыр. Бұл көрсеткіштер бойынша да жауапты сала басшыларына бірқатар міндеттер жүктелді.

Сондай-ақ аудан басшысы жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін ескертіп, бұл бағыттағы жұмыстарды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

«Кәсіпкерлікті қолдау, бөлшек саудасы және мерекелік қауіпсіздік – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды бағыттар. Сондықтан барлық жұмыстар нақты әрі жүйелі орындалуы тиіс», – деді Жандос Еркінбек.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 желтоқсан 2025 ж. 74 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 222
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 103

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031