» » АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезекті жиын өтті. Күн тәртібінде инклюзивті саясатты іске асыру мәселесі қаралып, азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Аудан басшысы бұл жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, жұмысты одан әрі жандандыруды тапсырды.
– Инклюзивті саясатты іске асыру – ауданымыз үшін де, жалпы қоғам үшін де маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі. Өйткені әрбір азамат – қоғамымыздың толыққанды мүшесі және олардың құқықтары сақталып, қажеттіліктері қамтамасыз етілуі тиіс. Біздің міндетіміз – ауданымыздағы ерекшелігі бар азаматтарға қолдау көрсетіп, кедергісіз орта қалыптастыру,– деді ол.
Ерекше азаматтарға көрсетілетін «Инватакси» қызметінің сапасы әрдайым назарда. Биыл аудан бойынша бұл қызметке жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қаралып, қазіргі таңда 7 арнайы көлік қызмет көрсетуде. Аудан басшысы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына ешқандай кемшіліктер орын алмауын және бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеу тапсырылды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары талқыланды. Аудан әкімі Жандос Еркінбек саланың тұрақты бақылауда екенін атап өтіп, «Тазалық жұмыстарының сапалы ұйымдастырылуына барша аудан азаматтарының атсалысуы өте маңызды» деп бұл жұмысты сапалы ұйымдастыруын жеткізді. Сондай-ақ Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары да қаралып, мәселе жан-жақты талқыланды.
Жиында көтерілген барлық салалар бойынша жауапты бөлімдерге бірқатар тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстау тапсырылды.
«ҚТ» ақпарат
26 сәуір 2026 ж. 59 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 114
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 701

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031