» » Қармақшы аудан әкімдігінде комиссия отырысы өтті

Қармақшы аудан әкімдігінде комиссия отырысы өтті


Аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері және басқа да мүдделі мекемелердің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу шаралары және кәмелетке толмағандарға жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру мәселелері қаралды. Бұл бағытта аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау мәселесі бойынша аудандық білім бөлімі ақпарат берді.

Комиссия мүшелері қаралған мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіріп, нақты ұсыныстарын жеткізді.

Жиынды қорытындылаған комиссия төрағасы тиісті сала басшыларына құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту, жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру шараларын жандандыру және инклюзивті білім беру сапасын арттыру мақсатында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолжетімді орта қалыптастыру жөнінде нақты шаралар қабылдау туралы тапсырмалар жүктеді.

21 ақпан 2025 ж. 145 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031