» » Кезекті комиссия отырысы өтті

Кезекті комиссия отырысы өтті

Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Комиссия отырысында «Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары туралы» аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Қ.Ермахановтың, «Даму мүмкіндігі шектеулі және мүгедектігі бар балалардың жағдайы туралы» аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғ.Ақжігітовтің хабарламалары тыңдалды.

Одан соң, жиын барысында қаралған мәселелерге байланысты комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Комиссия төрағасы тиісті сала басшыларына құқық бұзушылық профилактикасының алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстарды күшейту жөнінде бірқатар міндеттерді жүктеді. Сондай-ақ, мүгедектігі бар балаларды әлеуметтік оңалту шараларымен толық қамтуды, тиісті көмектердің берілуін қадағалауды және білім беру ұйымдарында ерекше білім алуды қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуді тапсырды.

04 сәуір 2024 ж. 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 114
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 701

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031