» » Қармақшыда кезекті комиссия отырысы өтті

Қармақшыда кезекті комиссия отырысы өтті

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, мектеп директорлары қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес жиында «Балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жастар денсаулығы орталығының атқарған жұмыстары туралы», «Кәмелетке толмаған жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында аудандық жастар ресурстық орталығының атқарған жұмыстары туралы», «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу және таралуын болдырмау бағытында ұйымдастырылған шаралар туралы» тиісті сала басшылары мен жауапты қызметкерлердің баяндамалары тыңдалды.

Сондай-ақ, жиында қаралған мәселелерге байланысты комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Комиссия төрағасы тиісті сала басшыларына кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.
27 сәуір 2023 ж. 539 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 936
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 574

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930