Құрылтай
» » Комиссия отырысы өтті

Комиссия отырысы өтті


qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, мектеп директорлары мен тәрбие орынбасарлары қатысты.
Комиссия отырысында «Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары туралы» Қармақшы аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының және «Даму мүмкіндігі шектеулі және мүгедектігі бар балалардың жағдайы туралы» тиісті сала басшыларының хабарламалары тыңдалды.
Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы «2022 жылы комиссия отырысында қосымша қаралған мәселелер туралы» баяндады.
Жиналыс қорытындысымен комиссия отырысының төрағасы жасалған хабарламалар мен ұсыныс пікірлерді ескере отырып, құқық қорғау органдары мен тиісті мемлекеттік орган басшыларына жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

31 наурыз 2023 ж. 543 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 063

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31