» » МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ МЕН КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАНЫ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ МЕН КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАНЫ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ


Бүгінгі күннің талаптары – халықтың әлеуметтік қорғалуын күшейту мен экономикалық ашықтықты қамтамасыз ету. Осыған орай Қармақшы ауданы әкімдігінде аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті жиын өткізілді.

Отырыстың күн тәртібінде Үкімет басшысы және облыс әкімінің төрағалығымен өткізілген кеңесте Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жаңғырту және Көлеңкелі экономиканы азайту шаралары бойынша маңызды екі мәселе қаралды.

Жандос Еркінбек өз сөзінде медициналық сақтандыру – әрбір азаматтың денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды әлеуметтік бастама екенін атап өтті. Осы бойынша аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев МӘМС жүйесінің аудандағы іске асырылу барысы туралы қысқаша атап өтті.

Аталған бағыттар аясында аудан әкімі тарапынан бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, кент және ауылдық округ әкімдеріне аудандық ауруханамен бірлесе отырып, сақтандырылмаған тұлғалармен жеке жұмыс жүргізу және ақпараттық шараларды ұйымдастыру міндеттелді.

Жиналыста сондай-ақ, жылу беру маусымына дайындық барысы талқыланды. Қазіргі таңда бұл мәселе- тұрақты күн тәртібінде. Осы бағытта аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақытбек Жылтыров жылу беру маусымына дайындық, көмір қоры және тұрғындарды қамтамасыз ету жұмыстары бойынша ақпарат ұсынды.

Жиын соңында аудан әкімі күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын жіті бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, көлеңкелі экономиканы азайту мен жылу беру маусымына дайындық – тұрғындар өміріне тікелей әсер ететін маңызды бағыттар. Сондықтан бұл жұмыстар жүйелі әрі нақты орындалуы қажет. Әр сала басшысы өз жауапкершілігін сезініп, жұмысты сапалы ұйымдастыруы тиіс», – деді аудан әкімі Жандос Еркінбек.

08 қазан 2025 ж. 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930