» » Аудан әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтті

Аудан әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтті


Бүгін ауданда әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша аудан әкімдігінің мәжілісі өтті.
Күн тәртібінде «Ауданда 2022 жылы егін шаруашылығы саласында атқарылатын жұмыстар», «Өндіріс бағытындағы жобаларды жүзеге асыру», «Әлеуметтік маңызы бар нысандардағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» мәселелері қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Е.Әбдікеров аудан көлемінде жүзеге асыруға болатын, қаржыны көп талап етпейтін жобаларды ұсынды. Сондай-ақ ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Ә.Омаров егіншаруашылығы бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жоспарын және халықты егін егуге тарту жұмыстары жөнінде баяндады. Одан бөлек, аудан әкімі аппаратының терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс жұмыстары бөлімінің басшысы Д.Бисембаев әлеуметтік маңызы бар нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша хабарлама жасады.
Мәжілісте аудан әкімі Қ.Нұртай кент ауылдық округ әкімдеріне кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы салаларын дамыту, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру мақсатында көп қаржыны талап етпейтін, үй жағдайында іске асыруға болатын тиімді жобаларды тұрғындарға ұсынуды, оларды іске асыру бойынша бағыт-бағдар беріп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржылай қолдауды тапсырды.
Сондай-ақ, бұл жұмыстардың ауыл азаматтарының өзін-өзі жұмыспен қамтуға және сырттан келетін көкөніс өнімдерінің орнын өз жерімізден шыққан ауылшаруашылық өнімдерімен алмастыруға, ауданда кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтуге зор мүмкіндік беретінін жеткізді.

14 қаңтар 2022 ж. 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 536

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930