ИНКЛЮЗИВТІ САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезекті жиын өткізілді.
Күн тәртібінде инклюзивті саясатты іске асыру мәселесі қаралып, азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Аудан басшысы бұл жұмыстардың маңыздылығына тоқталып: «Инклюзивті саясатты іске асыру - ауданымыз үшін де, жалпы қоғам үшін де маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі. Өйткені әрбір азамат – қоғамымыздың толыққанды мүшесі және олардың құқықтары сақталып, қажеттіліктері қамтамасыз етілуі тиіс. Біздің міндетіміз - ауданымыздағы ерекшелігі бар азаматтарға қолдау көрсетіп, кедергісіз орта қалыптастыру»,– деді.
Ерекше азаматтарға көрсетілетін «Инватакси» қызметінің сапасы әрдайым назарда. Биыл аудан бойынша бұл қызметке жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қаралып, қазіргі таңда 7 арнайы көлік қызмет көрсетуде. Аудан басшысы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына ешқандай кемшіліктер орын алмауын және бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеу тапсырылды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе - санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары. Жандос Еркінбек саланың тұрақты бақылауда екенін атап өтіп: «Тазалық жұмыстарының сапалы ұйымдастырылуына барша аудан азаматтарының атсалысуы өте маңызды»,- деп бұл жұмысты сапалы ұйымдастыруын жеткізді. Сондай-ақ Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары да қаралып, мәселе жан-жақты талқыланды.
Жиында көтерілген барлық салалар бойынша жауапты бөлімдерге бірқатар тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстау тапсырылды.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

















