» » ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының 2024–2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасын іске асыру барысы мен мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жөнінде жиналыс өткізілді.

Жиынға ауыл әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жауапты сала мамандары қатысты.

Мәжіліс барысында күн тәртібіндегі жастар практикасын кеңейту, әлеуметтік жұмыс орындарының тиімділігін арттыру, «Бастау Бизнес» жобасы арқылы оқытылған азаматтарды жұмыспен қамту, бос және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар әскери қызметке шақыру науқаны мен жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы да назарға алынды.

Әрбір қызметтің маңыздылығына тоқталған Диас Молдабаев халықты сапалы жұмыспен қамту бағытындағы жүйелі жұмыс тұрақты жүргізілуі қажеттігін атап өтті.

Жиын соңында ауыл әкімдері мен жауапты мамандарға көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету және жұмыспен қамту шараларын күшейту бойынша тапсырмалар берілді.

11 қараша 2025 ж. 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930