» » Күзгі әскери шақыру науқанына дайындық барысы қаралды

Күзгі әскери шақыру науқанына дайындық барысы қаралды




2025 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын сапалы және уақытылы ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігінде тиісті сала өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.

Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы төрағалық етті.

Мәжіліс барысында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Жандос Бекмұрзаев ағымдағы жылдың көктемгі шақыру науқанының қорытындысы және алдағы күзгі шақыру жұмыстарының жоспарлары туралы баяндама жасап, бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды.
Атап айтқанда, шақырылушыларды аудандық медициналық комиссиядан уақытылы өткізу, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын кеңейту мәселелер көтерілді.

Аталған шара бойынша Самат Қыдырбекұлы барлық жауапты тұлғаларға күзгі шақыру жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, жастармен жүйелі жұмыс жүргізуді және әскери міндеттілікке салғырт қарауға жол бермеуді тапсырды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта шақыру процесі толығымен цифрланған. Азаматтарға шақыру туралы хабарламалар қағаз түрімен қатар SMS-хабарлама және eGov.kz порталындағы жеке кабинет арқылы жолданады. Сонымен қатар, әскери қызметке шақырылған азаматтарға бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. ҰБТ нәтижесіне қарамастан ақылы негізде ЖОО-ға түсу, колледж квоталарына қатысу, «Сарбаз 2.0» жүйесі арқылы грант алу мүмкіндігі және әскери кафедраға конкурстан тыс қабылдана алады. Әскери қызметке кейінге қалдырудан бас тартқан студенттер білім грантынан айырылмай, академиялық демалыс арқылы оқуын жалғастыра алады.

Қармақшы аудандық қорғаныс істер бөлімі әскерге шақыруды елемеген азаматтарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық баптары сәйкес 647, 648, 493-баптары аясында әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді!
27 тамыз 2025 ж. 284 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 090
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 749

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031