» » БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА БЕЙЖАЙ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА БЕЙЖАЙ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

Қазіргі кезең – ізденіс пен дамуды талап ететін уақыт. Бүгінде қоғам әр адамнан жан-жақтылықты, білімге құштарлықты және үнемі алға ұмтылуды күтеді. Сондықтан уақытты тиімді пайдаланып, өз мүмкіндігін кеңейтуге талпынатын жандардың қатары артып келеді. Солардың бірі – Сымбат Игембаева.
Сымбат 2006-2009 жылдар аралығында Жетісай медициналық колледжінде білім алып, еңбек жолын аудандық емханада аймақтық мейірбике қызметінен бастаған. Адам денсаулығына жауапкершілікпен қарап, ақ халаттың абыройын биік ұстаған маман бұл салада 2022 жылға дейін табысты еңбек етті.
Білімге деген құштарлығы оны жаңа белестерге жетелеп, 2012 жылы «Болашақ» университетін «Дефектология» мамандығы бойынша тәмамдайды. Кейіннен осы бағытта кәсіби жолын жалғастырып, 2022 жылдан бастап Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектепте педагогдефектолог қызметін атқаруда.
Қазіргі таңда бала күтімімен үйде отырғанына қарамастан, уақытын құр өткізбей, өзін дамытуға ден қойған. Ізденістің арқасында “Практикалық нейропсихология” курсын оқып, кәсіби білімін жетілдіріп келеді. Алған білімін тәжірибе жүзінде бөлісу үшін жуырда ол аудан орталығынан «Neurokids» орталығын ашты.
– Орталық ашудағы мақсатым – адамдарға пайдалы болу, соның ішінде баласында бұзылыстары бар ата-аналарға қарапайым тілмен түсіндіріп және оларға көмек көрсету. Алдыма келген әрбір балаға ерекше мейірім мен қамқорлық көрсете отырып, олардың бұзылысын жеңіл деңгейдегі жаттығулар арқылы қалыпқа келтіруге көмектесу.
Қазіргі кезде сөйлеу тілінің кеш дамуы, зейіні тұрақсыз, гиперактивті, оқуы мен жазуында, есеп шығаруында қиындығы бар балалар өте көп. Көбіне ата-аналар «балам сөйлемейді» деп логопедке апарып жатады, ал бала сөйлеуі үшін алдымен баланың ұсақ, ірі моторикасымен, тепе-теңдікті сақтауымен, бұлшықеттерді сезінуімен, кеңістікті бағдарлауымен және тактильді сезуіне жұмыстар атқарылуы қажет. Сол кезде баланың сөйлеуі дамиды. Оған дейін баланың түсінігі қалыптасу, зейіні тұрақталып, гиперактивтілігі басылу керек, – дейді ол.
Маманның айтуынша, қазіргі балалардың дамуындағы кешігулердің басты себептерінің бірі – гаджет пен телефонға тәуелділік. Егер сәби кішкентай кезінен ата-ананың жеткілікті көңілін көрмей, уақытын тек теледидар мен телефон алдында өткізсе, оның миының толыққанды дамуына кері әсер етеді. Себебі бала экранды тек көзбен қабылдайды, ал бұл жағдайда мидың тек көру бөлігі ғана белсенді жұмыс істейді. Сондықтан ата-аналар балаларымен көбірек сөйлесіп, бірге ойнап, қимылды ойындарға баулып, жанды қарым-қатынас орнатуы қажет.
Нейропсихологтың басқа мамандардан ерекшелігі – ол диагнозбен емес, баланың функциясымен жұмыс жасайды, яғни бала миының дамуындағы ерекшеліктерді зерттеп, әртүрлі бұзылыстардың оның күнделікті өміріне қалай әсер ететінін анықтайды. Маман нейродиагностика, нейрокоррекция, сөйлеу бұзылыстары, ЗПР, ЗРР, СДВГ, оқу-жазу қиындықтары, зейін тұрақсыздығы мен есте сақтау қабілеттеріне қатысты мәселелермен жұмыс жүргізеді.
Сонымен қатар нейропсихолог тек дамуында ерекшелігі бар балаларға ғана емес, сабақ үлгерімі төмен оқушылармен де жұмыс жасайды. Арнайы нейрожаттығулар арқылы баланың екі ми жарты шарының жұмысын дамытып, ойлау қабілетін, есте сақтауын, зейінін арттыруға көмектеседі.
Сымбат Жаңабекқызы баланың миының дұрыс дамуы, оның болашақ өміріне тікелей әсер ететінін айтады. Сондықтан нейропсихологтар әсіресе баланың туған сәтінен бастап бір жасқа дейінгі даму кезеңіне ерекше мән бергені дұрыс. Себебі дәл осы уақытта кеткен кемшілік кейін түрлі қиындықтарға әкелуі мүмкін. Ал ерте жастан жүргізілген түзету жұмыстары баланың жаңа дағдылар қалыптастырып, қиындықтарды жеңуіне үлкен мүмкіндік береді.
Иә, бала – болашақтың айнасы. Сондықтан әрбір ата-ана баласының жан-жақты дамуына уақыт бөліп, оның психологиялық әрі физиологиялық ерекшеліктеріне бейжай қарамағаны жөн. Уақытында көрсетілген көмек пен дұрыс бағыт баланың жарқын болашағына жол ашады.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
24 мамыр 2026 ж. 71 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10506)

23 мамыр 2026 ж.

№37 (10505)

19 мамыр 2026 ж.

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 164
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 731

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031