» » Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры тағайындалды

Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры тағайындалды



Облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының 2026 жылғы 5 мамырдағы №02-06-30 бұйрығына сәйкес Құрманов Руслан Болатбекұлы облыстық жастар ресурстық орталығының директоры лауазымына тағайындалды.
Руслан Болатбекұлы 14 маусым 1985 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2002-2006 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тау-кен орындарын игеру» мамандығы, 2021-2025 жылдары Қызылорда «Ашық» университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Мәдени-көпшілік жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің маманы ретінде бастаған.
2008-2012 жылдары «ЭКО сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде эколог қызметін атқарған.
2012-2023 жылдары жеке кәсіпкер.
2023-2024 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратында маман.
2024-2026 жылдары Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директор орынбасары.
11 сәуір 2026 жылдан бастап Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім және тіл орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бөлім басшысы қызметтерін абыроймен атқарып келді.
07 мамыр 2026 ж. 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 841
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930