» » ҒАЛАМҒА ТАНЫЛҒАН АЛАМАН ҚҰРАҚ

ҒАЛАМҒА ТАНЫЛҒАН АЛАМАН ҚҰРАҚ

Қазақ ежелден ұлттық дәстүр мен әдетғұрыпты жақын ұстанған халық. Тұрмыстық өмір тіршілігі мен мәдениетін ұштастырған ұлтымыз өнерді биік қойып, жоғары бағалаған. Оның ішінде қолөнеріне айрықша мән бергені белгілі. Осы ата-бабадан келе жатқан дәстүріміз бүгінгі күні де өз жалғасын табуда. Соның бір айғағы – еліміздегі қолөнер шеберлерінің басын біріктіретін «Аламан құрақ» мәдени жобасы.
Аталған жоба былтыр Алматы қаласындағы «Медеу» мұз айдынында 660 құрақшының қатысуымен 1366 шаршы метрге құрақ көрпе жаюымен ерекшеленіп, «Global Book of Records» дүниежүзілік рекордтар кітабына енген болатын. Қазақтың құрақ көрпесінің әлемге танылуы – бұл өнер туындысына деген үлкен құрмет пен қошеметтің белгісі деп толық айтуымызға болады. Сонымен қатар, жаһандық деңгейде мойындалған құндылық болғаны сөзсіз.
Іс-шара биыл да көрініс тауып, жаңа рекорд жаңғыртты. Осы жылы «Аламан құрақ – ІҮ» жобасы аясында «Ғасырлар дәстүрі» халықаралық сәндік-қолданбалы өнер және кілем тоқу фестивалі Өскемен қаласының «Восток» спорт алаңында ұйымдастырылып, стадион төріне 788 құрақ көрпе қатар жайылды. Көрпе 2 шақырым жерді алған және оны жасауға еліміздің 17 облысынан 6 жасар баладан 90-дағы әжеге дейін атсалысып, шеберліктерін танытқан. Фестивальге Әзірбайжан, Ресей, Қытай, Түркия, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Таулы Алтай елдері мен өңірлерінен шеберлер қатысқан.
Бұл күн стадион ұлттық рухқа бөленіп, халқымыздың сан ғасырлық қолөнер шеберлігі әлемге паш етілді. Ұлттық киім киінген әже-апаларымыз бен қызкеліншектер ерекше іс-шараның сән-салтанатын кіргізіп, жиналған жұртшылықтың ыстық ықыласына кенелді.
Фестиваль мақсаты – қазақтың түрлі оюы мен бояуына көмкерілген құрақ көрпесі, жалпы рухани-материалдық құндылығын жас ұрпаққа насихаттау болса, сонымен бірге ұлттық қолөнерді әлемдік деңгейде жарыққа шығару, ғаламға таныту. Көпшілік тарапынан ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан ұлт қазынасының дәріптелуі – өте құптарлық іс деп бағалануда.
Сөйтіп, Өскемен төрінде ұлттық өнеріміздің айрықша мұрасы – алып құрақ көрпе халықаралық деңгейде мойындалып, «Global Best of Records», яғни әлемдік рекордтар кітабына енді.
Халықаралық додаға Сыр елінің шеберлері де белсенді түрде үлес қосса, оның ішінде ауданнан да қолөнершілер қатысып, қолтаңбаларын қалдырды. Атап айтқанда, кілем тоқу бағыты бойынша барған «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақыткүл Райымбаева «Тәлімгер» номинациясымен марапатталып, қаржылай сертификатқа ие болса, қолөнер шеберлері Әсел Сқақова мен Айнұр Жолымбетова әлемнің жаңа рекордын қоюға еңбек сіңірді.
– Әсерімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өз елімізбен бірге, шетелдің де қолөнершілері қатысып, фестивальдің шырайын кіргізді. Құрақ көрпені жайғандағы көлемі атшаптырым жерді алып, керемет көңіл күйге бөлендік. Қазағымыздың дәстүрі әлемге танылып, көңілімізді марқайтты. Қаншама шебер иелерімен танысып, тәжірибе алмастық. Бұл бір ерекше әсер – «Восток» стадионы қазақ халқының рухын көкке көтеріп, зор тебіреністе болдық. Әжелер немере-шөберелерін ұлттық киімде бірге ертіп әкелген. Қазағымыздың дәстүрі жасай берсін, ұлттық құндылығымыздың ғұмыры ұзағынан болсын, – дейді шебер жерлестеріміз алған әсермен бөлісіп.
Шеберлер халықаралық ұйымның "Алтын медалімен" марапатталып, сырбойылықтардың мерейін үстем етті.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ
23 мамыр 2026 ж. 73 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10506)

23 мамыр 2026 ж.

№37 (10505)

19 мамыр 2026 ж.

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 158
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 728

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031