Елордада алты метрлік экошырша орнатылды
Елордада 6 метрлік құрақ көрпе стиліндегі экошырша орнатылды. Тоқыма туындыға мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары, қарттар үйінің зейнеткерлері, балалар үйі мен бірнеше қоғамдық қор үлесін қосқан. Наргиз Бекмағанбетова, тілші: - Бас шаhарда қолдан тоқылған экошырша орнатылды. Ерекше стильдегі туынды қазақи нақышта болмақ. Бұл жобаға 100-ден аса ерікті қатысқан. Биыл 6 метрлік шыршаны безендіруге Петропавл, Атырау және Тараз қалаларының еріктілері қатысты. Рахима Мұқышева, әлеуметтік кәсіпкер: - Біз спонсорлар арқылы сыйлықтар тағайындап жатырмыз. Шырша орнатылғанда оны ойнатамыз. Құрақ көрпе ретінде болып жатыр ғой, ол тоқыма деген бұрын да қалыптасқан. Соны жаңа деңгейде шығарып жатырмыз. Үйде отырған әйелдер де келіп жатыр. Наргиз Бекмағанбетова, тілші: - Биіктігі 6 метр болатын экошырша мынадай велюрдан тоқылады. Яғни, түрлі-түсті шыршалармен безендіріледі. Қазақстанның барлық аймағындағы еріктілер жобаға өз үлесін қоса алады. Қосшы ауылының тұрғыны Әсем де жобаға өз үлесін қосып жатыр. Ол 8 жасынан бастап әжесімен бірге түрлі-түсті жіптер мен тоқыма тоқып, түрлі туындыларды өндіреді. Әсем Зейнолла, Қосшы ауылының тұрғыны: - Экошыршаға көмектескім келді. Кеше 8 тал тоқыдым, осында 6 ау тоқыдым, қазір екеу тоқыдым. Мен қызығам ғой осыған. Тоқығанда шыдамдылықпен, баптап тоқу керек, сол кезде әдемі болып шығады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шыршаның қаңқасына тоқылған тоқыманы жасау үшін 2 мыңға жуық құрақ жұмсалады. Жоба аясында ең көп тоқыған рекорд иесі анықталатын болады. Фарида Эйвазова, «Қолдау» қоғамдық бірлестігі қамқоршылық кеңесінің төрағасы: - 30-ға жуық білім беру мекемелері қатысып жатыр, қоғамдық қор біз, жіп беріп жатыр. Біз тоқып жатырмыз. Біз әр мектепке 25 шаршы бөліп бердік. Сонда біз 500-ге, одан да көп шаршы жасап жатырмыз. Айта кетейік, былтыр жобаға 50-ден астам ерікті атсалысқан. Шыршаның биіктігі 3 метр болған.
24.kz
24.kz