» » Жерлестер қуанышы

Жерлестер қуанышы

Жақында елімізде төрткүл дүние көз тіккен V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өткен-ді. Онда жерлесіміз Алдашбай ахун ауылының тумасы Назерке Әбілтаева белбеу күресінен сынға түсіп, қола жүлдеге ие болды.

Назерке Зауытқызы бұған дейін де жасөспірімдер арасында Әлем біріншілігінің жүлдегері, халықаралық және ел біріншіліктерінің жеңімпазы атанған. Ол әрбір жеңісімен ел намысын абыроймен қорғап, ауданның мерейін көтеруде.

Сонымен қатар, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Аламан құрақ тігіп, 450 тігінші арасында рекорд орнатқаны үшін Т.Көмекбаев ауылының тұрғыны Айнұр Жолымбетова марапатталып, оған «Кинэс» Қазақстан рекордтар кітабының сертификаты табысталды.

Тігіншілер көрпеше тігу барысында гаухартас, аламан, сынық мүйіз және төртқұлақ қошқар мүйіз, өсімдік оюларын қолданған. Кілем тәріздес жайылған 450 көрпешенің жалпы көлемі 11200 кв метрді құраған, яғни ені бойынша 16 қатар көрпеше – 40 метр болса, ұзындығы бойынша 28 қатар – 252 метр болған.

Осыған орай ауданның қос мақтанышын аудан әкімі Жандос Еркінбек қабылдап, сый-сияпат жасады. Ел намысын жоғарыдан көрсеткен жерлестерді жеңістерімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

– Сыр елі, соның ішінде ауданымыз спорттан бәсі биік. Олай дейтініміз, туған жерден түлеп ұшқан әрбір спортшымыз жеңістен құр алақан емес. Олардың алды Әлемді, Азияны және елімізді бағындырған чемпиондар. Міне, солардың бірі – кешегі өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бақ сынап, жүлдемен оралуда. Одан бөлек, қолөнер бойынша да талантты қыздарымыз өз өнерін әлемге таныстырып, елдің атын шығаруда. Сіздерді үлкен жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Алар асуларыңыз бен, бағындырар белестеріңіз көп болсын, – деді аудан әкімі.

Іс-шарада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдегері Назерке Зауытқызына облыс және аудан әкімінің қаржылай сертификаты мен аудан әкімінің Алғыс хаты, сонымен қатар құрақ тігуден рекорд орнатқан Айнұр Шанжарбекқызына аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды. Өз кезегінде аудандық мәслихаттың төрағасы Әділ Үсенұлы тілегін білдірсе, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов батасын берді.

Ерсін ӘЛІБАЙ
17 қыркүйек 2024 ж. 292 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930