» » Рекордтар кітабына енді: Елордалық аспаз ең ұзын хот-дог пісірді

Рекордтар кітабына енді: Елордалық аспаз ең ұзын хот-дог пісірді

Нұр-Сұлтанда үлкен хот-дог дайындалды. Оның ұзындығы 30 метрден асады. Дәлірек айтқанда - 31 метр 48 сантиметр. Тағам бірден Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Аспаз Александр Плотников пісірген хот-дог әлемдік рекордты да жаңартты. Осыған сай аспазға арнайы сертификат табысталды.
Аспаздың сөзінше алып асты дайындауға 5 күн кеткен. Шамамен 22 келі ұн, 16 келі ет жұмсаған. Әрі барлығын қолдан әзірлеген.
Қазақстан рекордтар кітабының өкілі, бұған дейін де ел ішінде алып хот-дог пісірілгенін айтты. Ол кезде оның ұзындығы 12 метр болыпты. Ал бұл жолы одан екі есе артығымен дайындалғандықтан, рекорд жаңартылып отыр. 
"Басқа елдерде де орнатылған. Ең ірісі қателеспесем 22 метр болған, бұған дейін. Яғни биылғы жылы ешқандай өзгеріс болмаса, мұны әлемдік рекорд деп қарауға да болады", - деді Қазақстан Рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.
03 желтоқсан 2020 ж. 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 900
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 602

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930