» » Түркі әлемі көз тіккен ойын

Түркі әлемі көз тіккен ойын


Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары – этникалық, дәстүрлі спорт түрлері бойынша халықаралық жарыс. 2024 жылдың 8-14 қыркүйек аралығында Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Оған жүзден астам мемлекеттен 4 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Бұған дейін бұл ойын 2014, 2016 және 2018 жылдары Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында, 2022 жылы Түркияның Изник шаһарында төртінші Дүниежүзілік ойындар ұйымдастырылған болатын. Ал биыл тұңғыш рет Қазақстанда байрағын көтермек. Көшпенділер ойынының дайындығы туралы облыстық спорт және туризм басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтып берді.

- Көшпенділер ойындарының маңыздылығын ескере отырып, халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін облысқа танымал, қоғамдық пікір қалыптастырып жүрген азаматтар арасынан Батыр мен Елшілер іріктелді. Аймақта ұйымдастырылған спорттық шаралардың барлығы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын танымал ету мақсатын қамтып келеді. Әкімдіктің ресми сайтында ойынның ресми порталына сілтеме жасай отырып ДКО логотиптері орналастырылды. Жергілікті телеарналарда аталған тақырыпта сюжеттер көрсетіліп, арнайы әзірленген анонстық бейнероликтер тәулігіне 2 рет көрсетілуде. Мұның барлығы да көшпенділер ойынының маңыздылығын арттырады,- деді Жанмұрат Жақсымұратұлы.

Естеріңізге сала кетейік, көшпенділер ойынында қатысушылар ұлттық спорт түрлерінен сынға түспек.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

19 шілде 2024 ж. 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10339)

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 638

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30