» » Көкжөтелдің алдын алу

Көкжөтелдің алдын алу

Көкжөтел – тыныс алу жолдарын зақымдайтын жұқпалы ауру. Бұл ауру әсіресе жас балалар арасында жиі кездеседі және ауа-тамшы жолы арқылы тез таралады. Көкжөтел кезінде адам қатты әрі ұзақ жөтеліп, тыныс алуы қиындауы мүмкін.

Аурудың алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация. Балаларға екпені ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес уақытылы алу маңызды. Сонымен қатар, иммунитетті күшейтіп, салауатты өмір салтын ұстану қажет.

Көкжөтелдің алдын алу үшін:

жеке бас гигиенасын сақтау;

қолды сабынмен жиі жуу;

бөлмелерді тұрақты желдету;

адам көп жиналатын орындарда сақтық шараларын сақтау;

науқас адамдармен жақын қарым-қатынастан аулақ болу керек.

Ауру белгілері байқалған жағдайда өздігінен ем қабылдамай, дереу дәрігерге қаралған жөн.

Аурудың алдын алу – денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолы!
А.Идрисова,
Қармақшы аудандық санитариялық эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы 
19 мамыр 2026 ж. 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 290

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031