» » ТӨРЕБАЙ БИДЕГІ ТАРТУ

ТӨРЕБАЙ БИДЕГІ ТАРТУ


Кеше Төребай би ауылында заманауи үлгіде салынған жаңа 50 орындық №15 «Ақкөгершін» балабақшасының ашылу салтанаты өтті.
Ауыл балаларының қуанышын бөлісуге арнайы келген облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер мен ауыл тұрғындарының қуанышын тамашалап, осындай заман талабына сай, кең де жарық бөлмелері бар балабақшаны тарту еткен құрылысшыларға алғысын айтты. Сонымен қатар, елімізде, оның ішінде аймағымызда өңір тұрғындарының әлеуетін арттыруда атқарылып жатқан ілкімді істер жайында әңгімеледі. Биыл Төребай би ауылына жалпы құны 780 млн. теңгенің, яғни жол жөндеу, көшелерге электр жарығын орнату, «Балажарма» қаналын жөндеу, №15 «Ақкөгершін» балабақшасын салу жұмыстары жүргізілуде.
Салтанатты шарада ауыл ардагерлері кеңесінің төрағасы Жақсылық Жалғасбаев балабақша қызметкерлері мен тұрғындарды жаңа балабақшамен құттықтап, жылы лебізін білдірсе, келесі кезекте «Асар» құрылыс мекемесінің директоры Рақым Ширданов балабақша ұжымына тілектестігін білдіріп, теледидар мен түрлі жұмсақ ойыншық тарту етті.
Салтанат барысында оған қатысушылар облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Бақадамов, аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев пен еңбек ардагері Жақсылық Жалғасбаевтың жаңа балабақшаның лентасын қиды. Сондай-ақ, Батыр ана Насиха Қожахметованың ата дәстүрмен шашу шашып, аналық батасын алды.
Мәртебелі меймандар жаңа балабақшаның ішін аралап, бүлдіршіндердің ағылшынша үйреніп жатқан сабағына қатысты. Тақпақ айтып, өнерін көрсеткен бүлдіршіндерге батасын беріп, тәрбиешілермен бала тәрбиесі аясында әңгіме өрбітті.
–Қазіргі таңда «Ақкөгершін» балабақшасында бір топ бойынша 20 бүлдіршінге 5 арнайы маман мен 11 техникалық қызметкер жан-жақты тәлім-тәрбие беруде. Ал, енді жаңа балабақшамызда жаңадан тағы бір топ ашылып, оған ауылда тіркелімде тұрған 2 және 6 жастағы сәбилер тартылады. Балабақша тәрбиеленушілер арасында ата салт-дәстүрін насихаттауда, сондай-ақ жаһандану, яғни бақша бүлдіршіндеріне ерте бастан ағылшын тілін меңгертуде жан-жақты жұмыс істелуде. Мамандардың өздері де аудан, облыс орталығына барып, арнайы оқып, білімдерін жетілдіруде. Өздері тәлім беріп отырған шәкірттеріне де түрлі өнер мен спорттық жарысқа баулып, оларға саналы тәлім-тәрбие беруде аянбай еңбек етуде, –деді балабақша меңгерушісі Сара Жұмабаева.
–Үлкендер үшін ең үлкен бақыт– ол сәби махаббаты мен қуанышына ие болу. Мұнан артық бізге өзге бақыттың керегі де жоқ. Міне, бүгін біз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арнап Төребай би ауылының бүлдіршіндерінің жарқын болашағы үшін сыйға жарық та кең балабақша тарту жасап жатқан жайымыз бар. Сондай-ақ, киелі Қармақшы өңірі тұрғындарының әлеуетін арттыру мақсатында Байқоңыр қаласынан 50 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй, Қазалыдан да төрт 18 пәтерлі тұрғын үй, сонымен қатар облыс орталығынан, яғни Сырдария өзенінің сол жағалауынан өз қаражатымызға 40 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй салудамыз. Байқоңыр және Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын қыркүйек, қараша айларында пайдалануға бермек жоспар бар. Биылғы жылы пайдалануға берілетін құрлыс нысандарының барлығы да Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналады, – дейді «Асар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Рақым Ширданов.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
05 шілде 2018 ж. 2 497 1

JeaCold от 25 ақпан 2019 13:18
Order Viagra Online Overnighe Australia compare viagra to cialis and levitra Cialis By Mail With Prescription Generic Propecia Uk

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 047

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031