» » ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!


Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Наурыз – ұлтына, дініне қарамастан, барша жұртты ұйыстыратын жалпыұлттық мейрам. Бұл мереке халқымызды береке-бірлік пен ортақ мүддеге жұмылдырады», деген болатын.
Еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесінде ұлттық дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз жаңғыртылып, жалпыадамзаттық құндылықтар дәріптеліп келеді.

Көктемнің шуағымен қатар келген әз Наурыз – бірлік пен берекенің, үміт пен игі бастамалардың бастауы. Қасиетті мереке әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, ырыс пен ынтымақ әкелсін!

Ауданымыздың дамуы жолында атқарылып жатқан істер – баршамыздың ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Алдағы уақытта да бірлігіміз бекем болып, туған жеріміздің гүлденуіне бірге үлес қоса берейік.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Әр отбасында құт-береке мен татулық орнасын!

Әр шаңыраққа Қызыр дарып, Бақ қонсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Құрметпен,аудан әкімі
Жандос Еркінбек
22 наурыз 2026 ж. 160 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930