» » Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді бірлік пен берекенің, тоқшылық пен молшылықтың басы көктемнің тамылжыған жайдары күндерімен бірге келген Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мереке – ежелден халқымыздың берекесі мен бірлігіне, татулығы мен ынтымақ-ықыласына арқау болып, шаттық пен қуанышқа кенелткен ұлы мереке.
Ұлыстың Ұлы күнінде адамдар бір-біріне деген өкпе-ренішін ұмытып, кешірімге келіп, татуласқан. Мол дастарқан басында ақжарқын көңілмен жүздесіп, жеті түрлі дәмнен тұратын наурызкөжеден дәм татқан.
Бүгінде ежелгі мейрам біздің жаңар- ған қоғамымызбен үйлесім тауып, Отанымыздағы достық пен келісімді нығайтуда маңызды рөлге ие болды.
Ұлыстың Ұлы күні елдік, бірлік, берекелік сипатымен адамзатты инабаттылыққа, адам- гершілікке, ізгілікке баулиды.
Ұлт рухының биіктігін, тегінің тектілігін, салт-дәстүріміздің салтанатын паш етер Ұлыстың Ұлы күні шаңырақтарыңызға қуаныш-шаттығымен, бақ-берекесімен келсін!
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы, қасиетті бабаларымыздың ақ батасы мен өнегелі дәстүрдің көрінісі көктем мейрамы – Әз Наурыз баршаңызға ырыс-несібе әкелсін!
Әр шаңыраққа Қызыр дарып,
Бақ қонсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Құрметпен, аудан әкімі Жандос ЕРКІНБЕК
21 наурыз 2024 ж. 642 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Хабарландыру

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 179
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031