Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Департаменттегі Наурыз-думан

Департаменттегі Наурыз-думан


Ұлыстың Ұлы күні Наурыз - мейірім мен молшылықтың, жақсылық пен жасампаздықтың мерекесі. Аталмыш мейрамды Қызылорда облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ұжымы да дүркіретіп тойлады. Мейрам ерекше шаттықпен басталды, әріптестер төс түйістіріп, бір-бірін мейраммен құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді. Департамент ауласында тоқшылық пен молшылықтың басы болсын деп, жеті түрлі тағамды бір қазанда қайнатып, «Наурызкөже» пісірілді. Шарапаты мол шараға ардагерлер қауымы да шақырылып, оларға құрмет көрсетілді. Ақ дастарқан жайылып, дәмі тіл үйіретін ұлттық тағамдар қойылды. Ардагерлер қауымы да тарихы тереңнен бастау алатын бұл мереке жайында білгендерімен бөлісіп, «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деп бата жасады. Мерекеге орай бірқатар қызметкерлер марапатталды. Күн мен түн теңесіп, жер-жаһан нұрға бөленетін, халықты ортақ қуанышқа біріктірген тамаша мереке осылайша ерекше көңіл-күймен аталып өтті.
24 наурыз 2019 ж. 1 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031