» » Ардақты ағайын! Қымбатты жерлестер!

Ардақты ағайын! Қымбатты жерлестер!


Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің мерекесі әз Наурыз мейрамы – бүкіл Шығыс халқына, барша түркі жұртына ортақ, жаңарған Қазақ елінің кешегісі мен бүгінін, ертеңі мен болашағын жалғастыратын басты мейрам.
Бұл күні адамдар мол дастарқан басында ақжарқын көңілмен жүздесіп, жеті түрлі дәмнен тұратын наурызкөжеден дәм татып, көктемнің жаңару күнінде айнала тазартылып, топыраққа дән түскен. Дастарқанға ақ толып, елге береке-бақ қонатын шақты халқымыз «Ұлыстың Ұлы күні» деп бекер атамаған.
Қорқыт қобызының мәңгілік сарыны қалған, жыраулықтың Отаны атанған қасиетті Қармақшы өңірі биылғы әз Наурыз мерекесін толағай табыстармен қарсы алып отыр.
Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, ауыл шаруа­шылығы мен өндірісі жыл сайын қарқынды дамып, береке мен бірліктің, татулық пен тұрақтылықтың арқасында елдігіміз биіктей түсуде.
Қадірлі жерлестер!
Ұлттық салт-дәстүріміз жаңғырып, күн мен түн теңеліп, Жер-Ана қайта түлеп, тіршілік атаулы түгел жанданатын әз Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін, әрбір отбасына ырысынтымағын сыйласын!
Туған жеріміз – қасиетті Қармақшы жері жаңарып, жайнай берсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ізгі ниетпен аудан әкімі Жандос ЕРКІНБЕК
21 наурыз 2023 ж. 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930