» » Құрметті жерлестер, ардақты ағайын!

Құрметті жерлестер, ардақты ағайын!


Сіздерді көктемнің жаршысы, халқымыздың береке мен бірлігін айшықтайтын Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Амал – тек күнтізбедегі дата емес, ұлттың рухани тұтастығының көрінісі. Бабаларымыз үшін бұл күн қыстан аман шыққан жұрттың сағынысып, қауышатын, туыстық байланысты жаңғыртып, үлкенге ізет көрсететін, кішіні құрметтейтін ерекше мейрам болған. Бұл дәстүр – ұрпақтар сабақтастығының айқын белгісі, халқымыздың ғасырлар бойғы татулығы мен сыйластығының нышаны.

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мерекесі жаңаша сипатқа ие болуда. Амал мерекесінен бастау алатын Ұлыстың ұлы күні халқымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеп, қоғамда ізгілік пен сыйластықты нығайта түседі.

Осы жарқын мерекеде әр шаңыраққа амандық, құт-береке, ынтымақ пен ырыс тілеймін! Еліміз тыныш, халқымыз ынтымақты болсын!
Жандос Еркінбек
аудан әкімі 
14 наурыз 2025 ж. 397 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 265
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 801

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930