» » Аудан әкімі Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Аудан әкімі Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Ардақты ағайын! Қадірлі жерлестер!

Сіздерді ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік – әрбір азаматтың жүрегінде мәңгілік орын алатын, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын ұлы құндылық. Бұл күн халқымыздың сан ғасырлық азаттық жолындағы арманы мен аңсарының орындалған күні. Егемендікке жету жолында қаншама қайсар тұлғаларымыз елдік пен еркіндік үшін жан аямай күресті. Біз олардың ерлігін мәңгі ұмытпай, даңқты жолын ұлықтаймыз.

Тәуелсіздік – тек азаттықтың белгісі ғана емес, сондай-ақ мемлекеттілік пен елдік тұғырын биіктететін асыл ұғым. Бүгінгі таңда мемлекетімізде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен әділетті Қазақстан құру бағытында ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Бұл бастамалар тұрақтылықты сақтауға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және ұлт бірлігін нығайтуға бағытталған.

Әрбір азаматтың туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен еңбегі еліміздің дамуына серпін береді. Біз бірлігіміз бен татулығымыздың арқасында жарқын болашақты бірге қалыптастырамыз.

Осы айтулы мерекеде әр шаңыраққа құт-береке, елімізге бейбіт өмір, жерімізге тыныштық тілеймін. Тәуелсіздігіміз мәңгілік, халқымыздың рухы асқақ болсын!

Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі
Жандос Еркінбек


16 желтоқсан 2024 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 858
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30