Топ-баннер
» » ҚАЗАҚ ЖЕРІН ТУҒАН ЕТКЕН ОТБАСЫ

ҚАЗАҚ ЖЕРІН ТУҒАН ЕТКЕН ОТБАСЫ

Көктемнің алғашқы айы – еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бір-біріне деген құрметі мен ризашылығын білдіретін ерекше күн. Осындай ынтымағы жарасқан жандар ауданымызда да аз емес. Соның бірі – ІІІ Интернационал ауылының тұрғыны, корей ұлтының өкілі Иннэса Пак.
Кезінде тағдырдың тәлкегімен Иннэсаның ата-әжесі Ташкент қаласынан қазақ жеріне қоныс аударған. Содан бері бұл әулет ІІІ Интернационал ауылында тамырын тереңге жайып, еңбек етіп, ұрпақ өсіріп келеді. Бүгінде бірнеше буын осы ауылды туған жеріндей көріп, оның өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып отыр.
– Менің ата-анам осы ауылда туылған. Әкем Федор мектепті бітірген соң әскери борышын өтеп келіп, ауылдағы бригадада механизатор болып еңбек етті. Ал анам Эмма Қызылорда қаласындағы мектеп-интернатта білім алып, кейін тігін цехында, балабақшада, асханада жұмыс жасады. Екеуі де ауылдың дамуына еңбек сіңірген жандар, – дейді Иннэса.
Бүгінде кейіпкеріміз ІІІ Интернационал ауылындағы Т.Салқынбайұлы атындағы Өнер мектебінің филиалында фортепиано сыныбы бойынша оқытушы болып қызмет етеді. Ұстаздық жолды таңдаған ол жас ұрпақтың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, шәкірттерінің шығармашылық қабілетін шыңдап келеді. Ал жолдасы Виталий Чен ауылшаруашылығында механизатор болып еңбек етуде. Балалары да анасының жолын қуып, өнер саласына бет бұрған.
Иннэса қазақ жерінде туып-өскеніне, осындағы халқына дән риза. Оның айтуынша, қазақ халқының қонақжайлылығы мен кеңпейілділігі – көпке үлгі.
– Қазақ халқы қонақжай, ақкөңіл. Әрдайым қолдау көрсетіп, көмекке дайын тұрады. Осы ауылда өмір сүріп келе жатқан жылдар ішінде ешқашан түсініспеушілік болған емес. Барлығы бір-біріне құрметпен қарайды, – дейді ол.
Шын мәнінде, түрлі этнос өкілдерінің бір шаңырақ астында татулықта өмір сүруі – Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі. Алғыс айту күні – өткенге тағзым етіп, қиын-қыстау кезеңде құшағын ашқан қазақ халқына ризашылық білдіретін, сондай-ақ бүгінде бірлігі бекем ел екенімізді айшықтайтын мереке.
Иннэса Пактың отбасы – татулық пен тұрақтылықтың, еңбексүйгіштік пен ризашылықтың жарқын үлгісі. Осындай жандардың арқасында еліміздің бірлігі нығайып, ынтымағы арта түсуде.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
02 наурыз 2026 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (10482)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 531
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 344

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031