» » Достықтың киелі мекені

Достықтың киелі мекені



1 мамыр. Қазақстан халқының бірлігі күні. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұратын 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқанын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін патриоттық шерулер ұйымдастырылады. Киелі өлке саналатын біздің аймағымызда да бірнеше ұлттың басы қосылған ауыл бар. Оны көпұлтты мекен атаймыз.
Ырыс-ынтымағы, береке-бір­лігі жарасқан ауданға қарасты ІІІ Интернационал ауылында түрік, корей, украин, мордвин, татар, әзірбайжан секілді он бір ұлттың өкілі ұзақ жылдардан бері тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдары жер аударылған өзге ұлттардың ұрпақтары қазақ жұртына қай кезде де алғысын айтудан кенде қалған емес. Та­рихқа сәл шегініс жасасақ, 1937-ші жылы Қиыр Шығыстан қоныс аударылған корей халқының біршама бөлігі Қармақшы ауданына орналастырылды. Артынша оннан астам ұлттың өкілі қоныстанды. Сол уақытта аудан көлеміндегі колхоздардан арнайы жұмысшылар бөлініп, үш айдың ішінде жаңадан екі колхоз ұйымдастырылды. Онда өзге ұлт өкілдерінің балалары оқитын мектеп ашылып, баспана салынып, жалпы өмір сүруге қолайлы жағдай жасалды. Бұл қазақ халқының мейірбандығы мен қонақжайлылығының белгісі. Басқа ұлтты бөтенсімейтін ба­уырмалдығын түрлі ұлт өкілдері әлі күнге дейін айтып жүреді.
– Біздің ата-бабамыз жер аударылып осы ауылға келген. Сол кісілердің айтуынша көшіп келген кезде негізі бізге көп қамқорлық жасаған қазақ халқы. Кішкентай наны болса соны ортасынан бөліп бізге береді екен. Сондықтан әр күн сайын рақметімді айтып отырамын қазақ халқына. Ұрпағымызбен көктеп, көгердік. Тілі, түрі басқа деп бөлінбей, бір ауылдың тұрғындары бір отбасы сынды өмір сүріп келеміз. Қазақстандай қонақжай, аузын ашса жүрегі көрінетін халықтың ортасында өмір сүріп жатқанымызға мақтанамыз. Отанымызды сүйеміз, әр тасы мен талын құрметтейміз. Жаңа Қазақстанның гүлденгенін қа­лаймыз. Жерлестеріме елдің ауызбіршілігі мен ынтымағын мығым ұстайық, мерекеден мерекеге төрт көзіміз түгел аман жетейік деп тілек айтқым келеді, – дейді ІІІ Интернационал ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Любовь Огай.
Ұлы Отан соғысының ең ауыр кезеңдерінің бірі 1944 жылы Грузия Республикасының Месхетия таулы өңірінен түріктер Қазақстанға жер аударылады. Алғашында бұл аумаққа 28 отбасы табан тіреген. Бертін келе өркен жайып, ұрпақ өрбіткен түрік ағайындардың саны қазірде бұл ауылда мыңға жуықтап отыр. Солардың бірі – Рагибовтер отбасы. Жастайынан түрлі қызметке араласып, ауылшаруашылығы саласында еңбек еткен Али Рагибов қазіргі таңда кәсіпкерліктің жандануы­на, жол бойы бизнесінің дамуы­на атсалысып жүрген іскер азаматтың бірі. Ол 2017 жылы ауыл маңынан «Ақсарай» жол бойы кешенін салып, қанша адамды жұмыспен қамтып отыр.
– Біздің елде қандай кәсіп қылам десең де мүмкіндік мол. Тек адамға талап пен жігер керек. Бір қуантарлығы осы уақытқа дейін ешкім біздің өзге ұлтсың деп кеудемізден итерген емес. Қайта қолдау білдіріп, тілектес болып жүреді. Қазақтардың арқасында біздің ата-бабамыз аман қалған. Біз сондықтан дарқан халыққа әрдайым басымызды иіп, рақмет айтудан жалықпаймыз, – дейді Али Фазаирұлы.
Мемлекет басшысы Қасым­Жомарт Тоқаев «Біз бір ел, біртұ­тас халық болып тәуелсіздігімізді нығайттық. Ха­лықаралық қоғам­дастықтағы абырой-беделімізді арттырдық» деп атап өткендей, осы жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әр отандасымыздың қастерлі міндеті. Қазақта «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөз бар.
Біз білетін ауылдағы аға­йынның әр күні берекелі. Тірлігі тату тұрғындар бір-бірінің қуа­нышы мен қайғысына ортақ­тасады. Салт-дәстүрі мен тілін, әдет-ғұрпын қадір тұтады. Оларды бір шаңырақ астына біріктірген де осы қасиеттері.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
30 сәуір 2022 ж. 1 052 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031