» » Бір ту астына біріккендер

Бір ту астына біріккендер


Қазақтың кең байтақ даласы 130-дан астам ұлт өкілін қара шаңырақ астында біріктіріп отырған киелі мекен. Өзара сыйластығы мол, бауыры үшін барын беруге даяр қазақ ешкімді де жатсынбайды. Түрі басқа болғанмен әр адамды туғанындай көреді. Бір үзім нанның өзін бөліп жеп, жанына жақын тарту – бізге тән қасиет.

Бүгінгі таңда қазақ халқы өзге де ұлт өкілдерімен көк аспан астында бақытты да баянды күн кешуде. Олардың өзара сыйластығы ерекше. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп атам қазақ айтқандай, олар берекелі өмір үшін мереке-жиынға асығады. Сондықтан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні болып саналады.

Бұл күні еліміздің әр түкпірінде ең маңызды мерекенің бірі тойланады. Басты мақсат – біздің еліміздегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, өзара достық пен татулықты насихаттау. Жыл сайын дәл осы күні Қазақстан халқы бір шаңырақ астында бақытты да берекелі, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқанын тойлайды. Еліміздегі этнос өкілдерін жақындастыру мақсатында патриоттық шерулер өтеді. Әр ұлт өкілі өзінің мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттап, қонақжайлылықпен дастарқан жаяды. Бір-бірінің ұлттық тағамдарынан ауыз тиіп, мың бұралған би мен әсем сазды ән шырқалады.

Шынтуайтында, Отанымыздың бүгінгі күнге дейін жеткен экономикалық-әлеуметтік саладағы барлық жетістіктері осы береке мен достықтың нәтижесі. «Ырыс қайда барасың? Ынтымаққа барамын!» дейді біздің әпсанамыз. Әлемде сан түрлі ұлтаралық, діни өзара келіспеушілік, қақтығыстар орын алып жатады. Ал Қазақстан бұл салада бірлігі мен түзу тірлігі арқасында көпке үлгі. Қазақ елі тіпті қиын қыстау заманның өзінде татулығын жоғалтпай, әр жанға жанашырлық танытып, құшақ жая қарсы алды. Өзінің басына түскен қиыншылығына қарамастан, өзгеге қол ұшын созды. Соның нәтижесінде бүгінде олар бір тұтас бірігіп, тамаша жетістіктерге жетуде. Осының барлығы береке мен бірліктің нәтижесі.

Расымен, қазір біздің бауырымызға айналып кеткен қанша өзге ұлтты жан бар. Олармен етене жақын араласып, қуаныш пен қайғыны бірдей бөлісіп жүрміз. Халқымыздың бүгінгі бірлігі бекем, тірлігі көркем. Әлемді елең еткізген індет келіп, көптің көңілін алаңдатқаны рас. Сол себептен осынау айтулы мерекені көпшілікте тойлай алмасақ та барлығының тілеуі бір. Бастысы біз ең асыл қасиетімізді – достығымызды жоғалтқан жоқпыз. Осы орайда мереке қарсаңында жерлестеріміздің өз айтары бар.

Келе жатқан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осынау айтулы мерекені жыл сайын ерекше қуанышпен тойлап келеміз. Біздің мекенде түрлі өзге ұлт өкілі тұрады және олар өзара тату-тәтті. Бастысы – еліміз тыныш, халқымыз аман болсын. Бұл қиын күнді де еңсеріп, бір дастарқан басында қуанышты сәттерді өткізетін боламыз. Барлық жанға баянды бақыт пен салиқалы ғұмыр тілеймін.
Рахим Рузиев,
өзбек ұлтының өкілі

Ұлтым беларусь болса да, Отаным – Қазақстан. Еліміздегі татулық туы әрқашан желбіреп, баянды күндеріміз көп болсын. Айтулы мерекеде бас қоса алмасақ та, барлығымыздың тілегіміз бір. Біз әрдайым достығымызға адал болып, еліміздің игілігі үшін еңбек етеміз. Болашақта да осы салтымыздан таймай, бірлігімізді бекем етеміз. Қазақ жерінде ынтымақ пен сыйластық арқасында бақытты күн кешіп жүрміз. Осы қиындықты жеңсек, әлі талай қуанышты бөлісеміз.
Людмила Александровна,
беларусь ұлтының өкілі

Бұл күнде ынтымағы мен бірлігі жарасқан Тәуелсіз Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі бір ананың баласындай тату өмір сүруде. Барлығы да елдің еңсесін тіктету үшін білімі мен білігін ұштастырып, өз үлесін қосуда.Бір ұяда бірлік пен татулықтың арқасында баянды өмір сүрудеміз. Нәсіл мен ұлтқа, тіл мен дінге бөлуді білмейтін Қазақстан халқы шын мәнінде бақытты.Қаситті Рамазан айында келген бұл мереке баршамызға құтты болсын!
Закария Мухлисов,
түрік ұлтының өкілі

Дайындаған: Аслан НҰРАЗҒАЛИ
28 сәуір 2020 ж. 3 460 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031