» » Бірлігі жарасқан берік елміз

Бірлігі жарасқан берік елміз


   АСПАНЫНДА БЕЙБІТШІЛІК ҚҰСЫ ҚАЛЫҚТАҒАН, ЖҮЗ ҚЫРЫҚТАН АСТАМ ҰЛТ ПЕН ҰЛЫСҚА ҚҰТТЫ МЕКЕН БОЛҒАН ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ЖӘНЕ ОДАН КӨПТЕГЕН ЕЛ ҮЛГІ АЛЫП ОТЫРҒАН МЕМЛЕКЕТ. БҮГІНДЕ САН ТҮРЛІ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ БІР АРНАҒА ҰЙЫСЫП, ТАТУЛЫҚТА ТІРШІЛІК КЕШУДЕ. МҰНДАЙ БЕЙБІТШІЛІКТІҢ БАСТАУЫНДА ҰЛТ ПЕН ҰЛЫСТАРДЫҢ ӨЗАРА РУХАНИ КЕЛІСІМІ ТҰР. ҚОҒАМНЫҢ ТҰТАСТЫҒЫ ҚАЙ КЕЗДЕ ДЕ ІШКІ ТАТУЛЫҚ ПЕН БЕРЕКЕДЕН БАСТАУ АЛҒАН. ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСЫП, ТҮРЛІ ҰЛТТЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ҚАСТЕРЛІ ҚАЗАҚ ТОПЫРАҒЫ БЕЙБІТШІЛІКТІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫНА АЙНАЛДЫ. ИСІ ҚАЗАҚ ЖАРАТЫЛЫСЫНАН ТАТУЛЫҚТЫ СҮЙГЕН СОҢ БА, ЕЛБАСЫ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ БЕКІП, ЖЫЛ САЙЫН ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ТОЙЛАНЫП КЕЛЕДІ. БҰЛ – ТЕК БІРЛІК КҮНІ ҒАНА ЕМЕС, ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕТІН ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ МЕРЕКЕ.
   Жалпы, 1 мамыр қандай мереке? Тәуелсіз елде жаңаша жаңғырудың мәнісі қандай? Осы сұраққа жауап бермес үшін әлемдік ахуалға көз жүгіртсек. Қазіргі таңда әлемдегі құбылыстарды бақылап қарасақ, бейбіт өмір мен тұрақтылықтың, тыныштықтың қадірін арттыра түсетін жағдайлар аз емес. Аумалы-төкпелі жағдайды бастан кешкен, мемлекеттік жүйенің тепе-теңдігі бұзылған берекесі төгіліп, бірлігі сөгілген елдің саны айналамызда артып келе жатқанын байқауға болады. Жылдар бойы жалғасып келе жатқан дінаралық, ұлтаралық қақтығыстардың шоғын сөндіре алмай отырғанына әлем жұртшылығы куә.
   Қазақстандық ұлтаралық татулық үлгісі бүгінде әмбеге аян. Ұлттар арасындағы ыстық ықыласты дәріптеуге бет алған Мамыр мерекесін жаңғыртудың түпкі мәнісі осы – бірліктің, ынтымақ пен берекенің игілігіне шақыру деп білген ләзім. Айтулы күн ұлт пен ұлыстың бірлігін ұлықтап, елдегі барлық ұлт өкілін жұмылған жұдырықтай тұтастыруға үндеп келеді.
   Қазақ қашан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «жат жұрттықтардың» бәрін бауырына басып, қандай қиын жағдай болмасын бір үзім нанды бөліп жеді. Бүгінде ауданға қарасты ІІІ Интернационал ауылы бар. Мұнда 11 ұлттың өкілі қоян-қолтық араласып бір отбасындай өмір сүріп, бірге еңбек етуде. Ауыл адамдары кез келген мерекені, әсіресе 1 мамыр – бірлік күнін ұйымшылдықпен өткізеді. Тұрғындар үшін халықтар арасындағы достық өмірдің үлкен мәніне айналған. Мұндағылардың ынтымағы мен берекесі жарасқан елде өмір сүріп жатқаны жүректеріне сенім, көңілдеріне қуаныш ұялатады.
   Татулық тұрақтаған өңірде сіз естімеген дүниелер көп. Бір шаңырақ астында түрлі ұлт өкілі тұрады дегенді естіп таңқалған едік. «Әр елдің салты басқа...» демекші, осындай бір арнаға тоғысқан отбасының бірлігі берік, ырысы мол. Бүгінде отбасының ұйытқысы Денис Хамов көп баланың әкесі.
   – Көпшілік бізге таңырқай қарайды. Себебі жанұямыз әр ұлттан құралған. Әкем – орыс, анам – кәріс. Ал құдай қосқан жарым – қазақ қызы. Бірақ біз Қазақстанда тұрған соң мемлекеттік тіл – қазақ тілінде еркін сөйлеп, оның салт-дәстүрін ұстанамыз, – дейді ол.
   «Бірлік болмай, тірлік болмас» дейді атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны бөлек.

Ерсін СӘДУҰЛЫ

01 мамыр 2020 ж. 3 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031