» » Рахмет саған, туған ел!

Рахмет саған, туған ел!

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнюс өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады. Себебі 1 наурыз жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылдығын білдіреді.
Мерекенің басты мақсаты – өскелең ұрпақты достыққа, бір-біріне деген құрмет пен отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.
Осыған орай өзге ұлт өкілі ұйысқан ІІІ Интернационал ауылындағы мәдениет үйінде өнерпаздардың қатысуымен «Рахмет саған, туған ел!» атты мерекелік шара өтті. Жиында ауыл әкімі Нұрлыбек Сайымов сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын құттықтады.
«Бүгінгі күн тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударылған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Бүгінгі таңда ол еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын айтулы мереке құтты болсын» деп лебізін білдірген ауыл әкімі елдің көркеюіне үлесін қосып жүрген бірқатар сала мамандарын марапаттап, алғыс хатын тапсырды. Мұнан соң аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дәурен Ержанов та өз құттықтауын жеткізіп, мәдениет саласында қызмет етіп жүрген сала мамандарын марапаттады.
Мерекелік шара өзге ұлт өкілдері дайындаған концерттік бағдарламаға жалғасты. Сындарлы заманда Қазақстанға жер аударылып, департацияға ұшыраған түрік ұлтының өкілдері Гульали Мутиев пен Гуляр Искендирова қиын кезеңде бауырына басқан қазақ жұртына өз алғыстарын айтты.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ



09 наурыз 2021 ж. 1 036 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031