» » Қызылорда облысында 11 этносты біріктірген ауыл бар (видео)

Қызылорда облысында 11 этносты біріктірген ауыл бар (видео)


Қызылорда облысында Үшінші интернационал атты ауыл бар, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тарихы тереңге бойлаған елді мекеннің бұлай аталуының да себебі жоқ емес. Бірлігі жарасқан мекенде 11 этностың өкілі бір үйдің баласындай тіршілік кешіп отыр. Татулықты ту еткен ағайын жергілікті жердегі кейбір мәселелерді шешудің тиімді тетіктері болғаны жөн деп санайды.
Мурадин Мардиев Қармақшы жеріне небәрі 6 жасында ата-анасымен бірге жер аударылып келген. Кеңпейіл қазақ халқының қамқорлығының арқасында отбасымыз небір қилы кезеңдерден аман өтті. Бүгінде 5 ұлым мен 3 қызым бір-бір отау құрып, тату-тәтті өмір сүріп келеміз, - дейді ақсақал. Сексеннің сеңгіріне сергек шыққан қария көпэтносты ауылдың бірлігін бекемдеу жолындағы тағылымды шараларға белсенді араласады екен.

Мурадин Мардиев, III-интернационал ауылының тұрғыны:

- Жастарға тату тұрыңдар дейміз. Керіспеңдер, ұрыспаңдар, күнде болмаса да, аптасына, бір айда бір ме, балдарды жинап, ол балдарға мәселесін айтып, үйретіп, жақсы болады, жаман болмайды. Негізі түбіне қарасақ, бір ұлтпыз. Тіліміз басқа болғанмен, дініміз бір. Нанымыз бір, ішетін суымыз бір, ауамыз бір. Одан басқа не керек?

86 жылдық тарихы бар «Үшінші интернационал» елді мекенінде 11 түрлі ұлт пен ұлыстың өкілі тұрады. Олардың ата-бабалары – сонау 30-шы жылдарғы тоталитарлық жүйенің шырмауына ілігіп, жер аударылғандар. Солардың бірі – ұстаз Нигара Ғизатова бірліктің ерекше үлгісін танытып отырған ауылымды әрдайым мақтан етемін дейді.


Нигара Ғизатова, мұғалім:

- Барлығы да қазақша біледі. Қазақ ұлттары да түрікше біледі. Бірге мерекелерімізді өткіземіз. Қазақ ұлтының да, кәріс ұлтының да дәстүрлерін, олардың ұлттық киімдерін, тамақтары болсын. Барлығын жақсы білеміз.


Ауданда Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы арқылы ақсақалдар, аналар кеңесі мен медиация желісі жүйелі жолға қойылған. Дегенмен бұл тұрғыдағы жұмыстарды жандандыра түсу қажет, -дейді сарапшылар.

Нұргүл Айтбаева, Қармақшы ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшы: - Осындай көпэтносты ауданымызда «Достық үйі» ашылса деген тілегіміз бар. Егер де «Достық үйі» ашылса, этносаралық татулық нығайып, кейбір мәселелердің алдын алуға мүмкіндік молая түседі деп ойлаймын.

Ауылда 50-ден астам аралас отбасы бар. Бір қуантарлығы, мұнда ешқашан ірі қылмыс тіркелмеген және жұмыссыздық мәселесі толық шешілген, - дейді әкімдік өкілдері.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин.

24.kz
29 сәуір 2023 ж. 3 015 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 510

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 582

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031