» » Кең құшақты, достыққа берік ауыл

Кең құшақты, достыққа берік ауыл

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында «III Интернационал» атты ауыл бар. Елді мекеннің атауы айтып тұрғындай мұнда 11 ұлттың өкілі тұрады. Олардың ата-бабалары сонау 30-шы жылдарғы тоталитарлық жүйенің шырмауына ілігіп, жер аударылғандар.
Бұл ауыл тұрғындары «Наурыз», «Бірлік күні», «Алғыс айту» күні секілді мерекелерді ұйымшылдықпен, бар сән-салтанатымен атап өтуді үрдіске айналдырған. Бұлай болатын да жөні бар. Себебі бұл елді мекенде ежелден ауызбіршілігі мығым қазақ, ахыскалық түрік, корей, орыс, украин, мордвин, татар, әзірбайжан секілді бірнеше этнос өкілі бірге тұрып келеді. Халық достығы жәй ұран үшін айтылған сөз емес, өміріміздің мәні,-дейді бақытын қазақ жерінен тапқан тағдыры талайлы жұрттың бүгінгі ұрпағы.
-Жүк вагондарына тиеліп, жат жерге айдаумен келген жылдары ата-бабамыздың аман қалуына қазақ халқының қамқорлығы себеп болды. Сондықтан құшағы кең, достыққа берік, мейірімді қазақ еліне басымызды иіп, ризашылығымызды білдіреміз, - дейді ауыл тұрғыны Гульали Мутиев.
Айта кетейік, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Пя да осы ауылда туған. Жалпы елді мекендегі негізгі ұлттар түріктер, қазақтар және корейлер. Ертеден қоян-қолтық араласып кеткен ауылда 50-ден астам аралас отбасылар да бар екен. Осындай бірлігі жарасқан ауылда барлық ұлт өкілдерінің тілі мен салт-дәстүрі де қағажу көріп жатқан жоқ.
Ауылдың негізгі күн көрісі – егін. Басты дақыл – күріш. Бұл ауылдың шаруа қожалығының да аты - «Достық» деп аталады. Өйткені бір ұжымда бірнеше ұлттың өкілі тату-татті еңбек етіп, ел ырысын еселеп жүр. Шаруашылықтың техникалары тек егін даласында ғана емес, ауылдың күнделікті тіршілігіне де көмегін тигізеді. Мұқтаж отбасылардың отынын тасып, қоқысын шығару игі үрдіске айналған. Мұндай қамқорлық бірлігі бекем ауылдың көнеден қалыптасқан дәстүрі.
«Кезінде жер аударылып келген әке-шешеміз де қазақ халқының мейірімділігінің арқасында аман қалды. Үбірлі-шүбірлі болып, үлкен әулетке айналды, - дейді ауылдықтар.
«Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпейді» деген көне тәмсілді терең ұғына білген ағайын тұрмысы төмен отбасыларға үнемі қамқорлық жасап отырады екен. Тіпті үйі жоқ бірнеше отбасына шаруашылық көмегімен баспана салып берген. Тағдырдың жазуымен бірнеше ұлттың өкілі топтасқан қожалықтың бірлігі мығым, тірлігі берекелі. Жыл сайын әр отбасына бақша дақылдарын егу үшін екі-үш гектар жерді дайындап, суын жеткізіп беру секілді ізгі бастамалар да осы ауылда қолға алынған. Шаруашылық төрағасының ендігі арманы мал бордақылау алаңын салып, жаңа жұмыс орындарын ашу. Сондай-ақ мұқтаж жандарға арнап жылына бір үй салып беруге ниетті. Ал мұның бәрі қайырымды қазақ халқына деген алғыс сезімнен туған қайырлы бастамалар болса керек.

@«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

05 қазан 2022 ж. 854 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031