» » БІЛІМДІ ҰЛТ – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ

БІЛІМДІ ҰЛТ – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ

15-наурызда еліміз үшін маңызды тарихи қадам жасалмақ. Конституция жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданады. Жаңа Конституция – әртүрлі әлеуметтік топтар мен мүдделерді, өңірлерді бір шаңырақ астына топтастырып, тұтас әрі берік құрылымға айналдыратын ортақ негіз.
Қай елдің болашағы да оның білім жүйесінің сапасымен өлшенеді. Сондықтан алдағы референдумды мен мемлекет дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам ретінде бағалаймын. Тұрақты әрі әділетті басқару жүйесі қалыптасқанда ғана білім беру саласында жүйелі реформалар жүзеге асады.
Бүгінде бізге тек білім беру емес, сапалы, заманауи, еңбек нарығына бейімделген білім қажет. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, техникалық және кәсіптік білімді күшейту, жас ғалымдарды қолдау – мұның барлығы нақты құқықтық және институционалдық негізді талап етеді.
Референдум арқылы қабылданатын шешімдер білім саласының ұзақмерзімді дамуына серпін береді деп сенемін. Себебі, білімді ұлт қана экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан мықты мемлекет құра алады.
Референдум – бұл жай ғана дауыс беру емес. Бұл – болашаққа деген жауапкершілік. Әрқайсысымыздың таңдауымыз – ел тағдырын айқындайды.
Сәкен МҰРАТОВ,
аудандық білім бөлімінің әдіскері
26 ақпан 2026 ж. 141 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 077
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031