» » МАҢЫЗДЫ ТЕТІК, АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

МАҢЫЗДЫ ТЕТІК, АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Еліміз үшін маңызды кезең басталғалы тұр. Конституциямызға енгізілетін өзгерістер – бұл жай ғана құқықтық түзетулер емес, мемлекетіміздің болашақ даму бағытын айқындайтын тарихи қадам.
Ата заң – елдігіміздің айнасы, бірлігіміздің негізі, тәуелсіздігіміздің темірқазығы. Сондықтан оған енгізілетін әрбір өзгеріс – бүкіл қоғам үшін маңызды деп есептеймін. Бұл – әділетті, жауапты әрі тұрақты мемлекет қалыптастыру жолындағы маңызды шешім.
Осыған орай 15 наурыз күні республикалық референдум өтеді. Референдум өткізу – халық пен билік арасындағы сенімді нығайтудың бір жолы. Өйткені ел тағдырына қатысты ірі шешімдер тек жоғары мінберде емес, қарапайым халықтың таңдауымен бекітілгенде ғана оның салмағы арта түседі. Референдум – халық еркінің көрінісі, мемлекет дамуының жаңа кезеңіне қадам басудың маңызды тетігі.
Бұл – ел өміріндегі жауапты кезеңдердің бірі болмақ. Ол – қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға, азаматтардың белсенділігін арттыруға, мемлекет пен халық арасындағы сенімді күшейтуге мүмкіндік береді.
Референдумға қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, азаматтық жауапкершілігі. Өз таңдауын жасау арқылы адам елдің ертеңіне ықпал етеді. Бейжай қалу – болашаққа қатысты пікір білдіруден бас тарту деген сөз. Сондықтан қоғам болып маңызды мәселелерге үн қосу – өркениетті елге тән қасиет.
15 наурыз – ел болашағы үшін маңызды күн. Белсенділігіміз бен азаматтық жауапкершілігіміз мемлекетіміздің ертеңін айқындайды.
Шегебай ҚҰНДАҚБАЙҰЛЫ,
«Ұлт бірлігі Қармақшы» ҚБ төрағасы
20 ақпан 2026 ж. 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930