» » Әділетті қоғамға бастар жол

Әділетті қоғамға бастар жол

Бүгінде Қазақстан мемлекеттіліктің жаңа кезеңіне аяқ басты. Алдағы Конституция – жай ғана баптарды жаңарту емес, ел басқарудың философиясын терең ойластыру, қоғам мен биліктің өзара сенімін нығайту құжаты. Бұл өзгерістер адамның құқығы мен абыройын, еркіндік пен жауапкершілігін бірінші орынға қояды.
Парламенттің жұмысын оңтайландыру, Вице-президент институтын енгізу және халықтың ел өміріне араласу мүмкіндігін кеңейту сияқты қадамдар мемлекеттің болашағы үшін маңызды. Жаңа Конституция – бұл тұрақтылық пен дамудың негізі. Мен бұл құжатты еліміздің жаңа белеске көтерілуіне мүмкіндік беретін маңызды құқықтық негіз деп есептеймін. Сонымен қатар онда құқықтар мен бостандықтар бұрынғыдан да қорғалған. Конституция азаматтарға өз құқықтарын толық сезінуге мүмкіндік береді: еңбек, кәсіп, меншік қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, отбасы, білім беру адамның құқықтары мен қоғам алдындағы міндеттерімен үйлестірілген.
Жаңа Конституция – әділетке сүйенген, тұрақты және шын мәніндегі тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыруға берілген мүмкіндік. Мемлекет билігінің бірден-бір бастауы – халық. Ал сапалы білім алған, құқығы қорғалған азамат қана қуатты мемлекетті құра алады. Сондықтан бұл реформа – білімді ұлттың, әділетті қоғамның іргетасы.
Адам құқықтарының қорғалу тұстары қайта қаралып, азаматтардың көптен аңсаған өзгерістері болатынына сенемін. Бұл жаңа жобамыз, әсіресе құрту мен қудалау бабының, сталкинг мәселесінің қылмыстық іс ретінде қарастыруы өте құптарлық.
Бұл реформалар тек мемлекеттік құрылымды жаңғыртумен шектелмей, азаматтық сананы қалыптастыруға да серпін береді. Заң үстемдігі орныққан, пікір алуандығы құрметтелген, әр адамның дауысы естілетін қоғамда ғана шынайы даму болады. Жаңа Конституция халық пен билік арасындағы ашық диалогты күшейтіп, жауапты мемлекет қағидатын нақты іске айналдыруға мүмкіндік береді. Әсіресе жастардың қоғамдық үдерістерге белсенді араласуы, әділеттілікке деген сенімінің артуы – ел болашағының берік кепілі. Сондықтан бұл бастама бүгінгі күннің сұранысына ғана емес, ертеңгі ұрпақтың үмітіне де жауап беретін тағдырлы таңдау.
Лиза ДІҢКЕШОВА,
заңгер
06 ақпан 2026 ж. 45 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 369
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 223

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728