» » Ата Заң – әділетті қоғамның айнасы

Ата Заң – әділетті қоғамның айнасы


Қазақстан Республикасының Конституциясы – ел тағдырын айқындайтын басты құқықтық құжат. Ол мемлекет пен қоғамның дамуына бағыт-бағдар беріп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың сенімді кепілі болып табылады.

Ата Заңда Қазақстанның демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет екені айқын жазылған. Бұл қағидаттар ел өмірінің барлық саласында заң үстемдігін орнатуға негіз болады. Конституциясыз мемлекет тұрақты дамып, қоғамда тәртіп пен келісім орнату мүмкін емес.

Конституция әр азаматтың тең құқыққа ие екенін бекітеді. Ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамастан, заң алдында бәрі бірдей. Бұл – қоғамдағы әділеттілік пен бірліктің басты шарты. Сонымен қатар, Конституция азаматтарға білім алу, еңбек ету, әлеуметтік қорғалуға, еркін пікір айтуға мүмкіндік береді.

Билік тармақтарының бөлінуі – Конституцияда бекітілген маңызды ұстанымдардың бірі. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің өзара тепе-теңдігі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады. Бұл жүйе азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда Конституция ел дамуының жаңа кезеңдеріне сай жетілдіріліп келеді. Қоғамның сұранысына сәйкес енгізілген өзгерістер халықтың басқару ісіне қатысуын күшейтіп, ашықтық пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Ата Заңды білу және құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті. Өйткені заңға құрмет бар жерде тәртіп орнайды, ал тәртіп бар қоғамда тұрақты даму болады. Конституция – еліміздің болашағына бастар жолдың сенімді негізі.
Қ.Есханов,
Қармақшы аудандық сот әкімшісінің бас маман
сот отырысының хатшысы 
17 желтоқсан 2025 ж. 86 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 279
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 159

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031