» » Қазақстан Конституциясына – 30 жыл: әділдік пен тұрақтылық кепілі

Қазақстан Конституциясына – 30 жыл: әділдік пен тұрақтылық кепілі


1995 жылғы 30 тамыз – халқымыздың тарихындағы тағдырлы күндердің бірі. Сол күні қабылданған Ата Заңымыз – тәуелсіздігіміздің берік тірегі, демократиялық дамудың басты кепілі болды. Конституция мемлекеттің негізін қалап қана қоймай, әрбір қазақстандықтың құқығы мен бостандығын қорғауға құқықтық негіз жасады.
Осы 30 жыл ішінде Конституциямыз уақыт талабына сай жаңарып, қоғамдағы өзгерістерге бейімделді. Негізгі Заңымызда бекітілген заң үстемдігі, билік тармақтарының теңдігі, адам құқықтарының қорғалуы секілді қағидаттар еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің мызғымас тұғырына айналды.
Сот жүйесінің қызметкері ретінде айтарым, Конституция – біздің кәсіби қызметіміздің басты тірегі. Әрбір қабылданған шешім, әрбір сот актісі осы Ата Заңда көрсетілген қағидаттар мен нормаларға сүйенеді. «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» деген ұстаным – біздің қызметіміздің негізгі арқауы, азаматтардың әділдікке деген сенімінің кепілі.
Байқоңыр қалалық сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы
09 қыркүйек 2025 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728