» » Конституция – ел бірлігінің кепілі

Конституция – ел бірлігінің кепілі

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні. Бұл мереке – мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен демократиялық дамуының негізін айқындайтын ерекше күн.
1995 жылы бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата заң – халқымыздың тарихи таңдауы. Конституция мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты құжаты болып отыр. Оның 1-бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп айқын жазылған.
Ата заңымыз – ел бірлігі мен әділеттіліктің негізі. Мемлекеттік тіл мәртебесін айқындап, ұлттық тұтастық пен татулықты нығайтуға зор үлес қосып келеді. Конституция – Қазақстан халқын ортақ мақсатқа жұмылдырып, болашаққа нық қадам басуға жол ашқан тарихи құжат.
Өңір тұрғындары елдің негізгі заңы – Конституцияға құрметпен қарап, оны қастерлеуді азаматтық парыз деп біледі. Жастарға құқықтық білім беріп, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру – жергілікті қоғамның басты міндеттерінің бірі.
Р.Бисенова,
Қармақшы аудандық сотының бас маманы 
18 тамыз 2025 ж. 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30