» » Қазақстан Республикасының Конституциясы: 30 жылдық даму жолы және болашаққа бағдар

Қазақстан Республикасының Конституциясы: 30 жылдық даму жолы және болашаққа бағдар

2025 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толады. Бұл – еліміздің мемлекеттілігінің, құқықтық жүйесінің және демократиялық қағидаттарының қалыптасуындағы маңызды белес. Конституция – тәуелсіз Қазақстанның негізгі заңы ретінде елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуының тірегі болып саналады.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Бұл құжат Қазақстанның зайырлы, құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде дамуына негіз қалады.
30 жыл ішінде Конституция бірнеше мәрте өзгерістер мен толықтыруларға ұшырады. Бұл реформалар қоғамдағы өзгерістерге жауап беру және мемлекеттік басқаруды жетілдіру мақсатында жүргізілді.
ҚР Конституциясы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын нақты әрі жан-жақты бекітеді, заң үстемдігін қамтамасыз етеді, билік тармақтарының өзара әрекеттесу және тепе-теңдік қағидаттарын белгілейді, азаматтық қоғамды дамытуға құқықтық негіз береді.
Конституция – тек құқықтық құжат қана емес, сонымен қатар халық пен билік арасындағы қоғамдық келісім. Ол қоғамда тұрақтылық пен сенімділікті қамтамасыз етеді.
Бүгінде еліміз демократиялық даму бағытын берік ұстанып отыр. Бұл жолда Конституция – негізгі бағыттаушы құжат.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – ел Тәуелсіздігінің темірқазығы,30 жыл ішінде ол еліміздің даму жолында тарихи әрі тағдырлы рөл атқарды. Алдағы кезеңде де Конституция қоғам мен мемлекеттің өзара үйлесімді дамуында басты құжат болып қала береді.
Ж.Тажимбетова,
Байқоңыр қалалық сотының әкімшісінің басшысы

25 маусым 2025 ж. 61 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10417)

04 шілде 2025 ж.

№48 (10416)

01 шілде 2025 ж.

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 994
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031