» » Мемлекет тірегі

Мемлекет тірегі

qarmaqshy-tany.kz Кез келген зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжаты – Ата заңы. Осыдан 28 жыл бұрын, яғни 1995 жылдың 30 тамыз күні бүкіл халықтық референдумда кең байтақ Қазақстанның көпұлтты халқы өзінің егемендік құқығын барша әлемге паш етіп, көптеген елдермен терезесі тең, іргетасы мықты демократиялық жолмен дамып келе жатқан мемлекет екендігін танытты. Сөйтіп, 1995 жылдың 30 тамызында еліміздің Ата заңы өмірге келді.
Сондықтан да Конституция күні біз үшін қасиетті күн болу керек. Өйткені Ата заңымыз Қазақстанның әлемдік өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғышарттарын жасап берген жасампаз құжат. Халықаралық қауымдастық мойындап, Қазақстандағы батыл жүргізіліп жатқан демократиялық реформалардың негізінде қол жеткізіп отырған жетістіктердің бәрінің қайнар көзі саналатын Қазақстан Республикасы Конституциясының да өз тарихы бар.
Кез келген мемлекеттің, елдің тә уелсіздігін, демократиялық құнды лықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахнасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім жолын көрсетер айшықты құжат. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстан Республикасының Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дә ріптейтін ең үздік 50 Конституцияның бірі болып саналады екен.
Біздің міндетіміз – Тәуелсіздіктің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстану. Басты талап – Ата заңымызды құрметтеп қорғау, оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау әрбір азаматтың міндеті мен парызы болуы тиіс.
Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі. Ол дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң. Сондықтан да біздің ортақ парызымыз негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу.
Әрбір қазақстандықтың Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, отбасы мен балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтауы маңызды. Себебі еліміздің Конституциясы біздің басты құндылығымыз.
Талғат БҰҚПАНОВ,
№121 орта мектеп директорының орынбасары
30 тамыз 2023 ж. 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 285

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 380

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930