» » Конституция – ел тұғыры

Конституция – ел тұғыры

qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Ата Заңымыз – тарихи жеңістің, халқымыздың арман-мүддесін заң жүзінде айқындаған, бүкіл әлемге Қазақстан деген азат елдің бар екендігін паш еткен беделді құжат. Конституциямызда тәуелсіз еліміздің даму бағыты, басқару жүйесі, билік тармақтары жария етілген. Қазақ халқының заң жүйесі сонау XVI ғасырдағы «Қасым ханның қасқа жолынан» бастау алады. Одан кейінгі «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» сынды дала заңдарының негізінде құқықтық мемлекет құру идеясы Қазақ даласында жүзеге аса бастады.
Конституция әрбір Қазақстан азаматының заңда белгіленген мүмкіндіктерін қамтамасыз етуші. Кез келген азамат Конституциялық құқығын пайдалана отырып, заң шеңберінде әрекет ете алады.
Конституция – еліміздің негізгі Заңы. Мемлекетіміздің ішкі, сыртқы саясатының негізгі бағыттарын көрсетуші. Республикамызда енгізілгелі жатқан кез келген заң Конституцияға сүйене отырып жасалады.
Ата Заңымыз қазақ халқының бейбітшілік сүйгіш, толерантты халық екендігінің көрінісі. Ұлтына, нәсіліне, дініне қарамай, азаматтарының құқығы ардақ тұтылған еліміз татулықтың өрнегі. Конституциямызда еліміздің демократиялық мемлекет екендігі көрсетілген. Демек, Конституциямен өмір сүру – демократияның ең жоғарғы сатысында болуды көрсетеді. Ата Заңымыз – халық таңдауы болғандықтан оны әрдайым құрметтеуіміз керек. Адамның өмірі мен бостандығы ең жоғары құндылық деп бағаланған Конституциямыздың қоғамда алатын орны ерекше.
Конституцияға құрмет көрсетіп, оның баптарын мүлтіксіз орындамайынша, қоғамдағы келісім мен тәртіпті сақтау мүмкін емес. Демек, Отанымыздың болашағының жарқын болуы тәртіпке бағынуымызда. Батыр бабамыз айтқандай «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды».
Қорытындылай келе, Ата Заң – біздің күнделікті жүріс-тұрысымызды реттейтін, қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін ең маңызды құжат. Елдің дамуына үлес қосқысы келетін азамат сол құжатқа мойынсұнып оны құрметтемейінше, елдің дамуын ойлау мүмкін емес. Әрбір азамат оны қадірлепқастерлеуге, ардақ тұтуға міндетті.
Н.ШАЙМАХАН,
аудандық прокуратураның прокуроры
29 тамыз 2023 ж. 593 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 282

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 377

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930