» » Конституция – Тәуелсіздік тірегі

Конституция – Тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіз еліміздің тарихында 1995 жылдың 30 тамыз күні ерекше күндердің бірі болып есептеледі.
Себебі, бұл қасиетті күні Қазақстан халқы өзінің Конституциясын қабылдады.
Ата заңның бірінші бабымен Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы.
Еліміздің негізгі Заңы – мемлекетіміздің және қоғамдық жүйенің алтын діңгегі.
Конституциямыз қабылданғалы бері Қазақстан демократиялық мемлекет ретінде өзінің беделін бүкіл әлемге таныта білді.
Ата Заңның қағидалары өткен жылдар бойы елдің алға қарай дамуының басты бағдары болып тұрды.
Конституция – барлық заңдардың бастауы, ел еркіндігінің кепілі, халқымыздың бүгіні мен болашағы!
Қазан төңкерісінен кейін кеңестер құрамындағы тұңғыш мемлекеттік конституциямыз 1926 жылы, одан кейін 1939-1978 жылдары қабылданғаны баршамызға белгілі.
Конституция – әр мемлекеттің саяси бет-бейнесін көрсететін, оның мызғымастығы мен біртұтастығын, халықтың, биліктің қағидаларын бекітетін құқықтық бас құжат.
Конституция осынау жеті жарғыдан бастау алған тарихы терең жолдың жалғасы.
Осыдан 27 жыл бұрын, 30 тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді.
Содан бері тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң – мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды.
Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. Тарих ауқымымен алғанда, бұл аз ғана мерзім.
Алайда, осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей, өзінің заман талабына лайықты екенін жан-жақты дәлелдеді.
Ата заңымыз – ең үлкен тарихи жетістігіміз. Оны түсініп білуіміз әрі құрметтеуіміз Қазақстан азаматының төл міндеті екенін ұмытпағанымыз жөн. Өйткені ол азаматтық кепілдігіміздің негізгі көрсеткіші болып табылады.
Конституцияда демократиялық құндылықтар нақты бағаланып, қоғамдағы саяси өзгерістерге тиісінше баға беріліп, сөз бостандығы мен ар бостандығына барынша мүмкіндік ашылған.
Қоғамның төлқұжаты болып табылатын жинақы түрде, қысқа тұжырымдармен, тоғыз бөлім, тоқсан тоғыз баптан тұратын Ата заңымыз бүгінгі заманның көкейтесті мәселелеріне толық жауап бере алады.
Сондықтан да біздің Конституциямыз өміршең және жарқын болашақтың, коғамдық татулық пен келісімнің кепілі болып қызмет ете береріне қашанда сенімдіміз.
М.МАХАНБЕТОВ,
Қармақшы ауданының прокуроры
30 тамыз 2022 ж. 368 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031