» » Конституция – Тәуелсіздіктің темірқазығы

Конституция – Тәуелсіздіктің темірқазығы

Әр халықтың тарихында ерекше күндер болады. Қазақстан үшін 30 тамыз – сондай күн. Бұл – халқымыздың тағдырын айқындаған, елдіктің негізін қалаған, тәуелсіздіктің темірқазығына айналған Конституция күні.
Мемлекеттің даму жолындағы ең басты құндылығы – оның мемлекеттік тәуелсіздігі мен құқықтық негізін айқындайтын Ата Заңы. Қазақстан Республикасының Конституциясы – тәуелсіз еліміздің берік тұғыры, халықтың мызғымас бірлігінің кепілі. Ол – ел тарихындағы ең тағдырлы кезеңдерде қабылданып, мемлекетіміздің болашағын айқындаған басты құжат.
Конституция – мемлекетіміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік даму бағытын белгілеген басты бағдаршам. Ата Заңымызда көрсетілген демократиялық қағидалар әділдік пен заң үстемдігінің, бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі деп саналады.
Қазақ халқының құқықтық ой-пікірі тереңде жатыр. XVII ғасырда қабылданған Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ қоғамындағы әділдік пен тәртіптің негізгі қағидаларын бекітті. Одан кейінгі ғасырларда билердің шешендік сөздері, дала заңдары ұрпақ санасында әділет ұғымын орнықтырды. «Қасым ханның қасқа жолы, «Есім ханның ескі жолы» деп аталған дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдар жиынтығы өз кезеңіне лайық жасақталған құқықтық құжат қызметін атқарды.
Қазақстанның конституциялық дамуы бірнеше тарихи белестерден өтті. 1926, 1937, 1978 жылдары Қазақ КСР-інің Конституциялары қабылданған болатын. Олар сол кездегі саяси жүйенің сипатын айқындап, орталыққа тәуелділікті көрсетіп тұрды. Кеңес дәуірінде бірнеше Конституция қабылданғанымен, ол халықтың шынайы еркін білдіре алмады.
1991 жылы 16 желтоқсанда еліміз өз тәуелсіздігін жариялаған соң, дербес мемлекетке жаңа құқықтық негіз қажет болды.1993 жылы 28-қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Бұл еліміздің егемендігін заң жүзінде бекіткен тарихи құжат еді. Дегенмен, ол өтпелі кезеңнің қиындықтарына толық жауап бере алмады. Сөйтіп 1995 жылы 30-тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданып, еліміздің дамуындағы жаңа дәуір басталды. Бұл құжат қазіргі Қазақстанның саяси, әлеуметтік және экономикалық құрылымын айқындап, демократиялық мемлекет құрудың іргетасына айналды.
Конституциямыздың ең негізгі қағидасы – «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Аталмыш бап Қазақстан халқының еркіндігі мен теңдігін айғақтайды. Сонымен қатар, Конституция Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады; мемлекеттік тіл мәртебесін нақтылап, басқа ұлт өкілдерінің құқықтарын қорғауға кепілдік берді; азаматтардың сөз бостандығы, ар-ождан еркіндігі, еңбек ету, білім алу, жеке меншік құқығын заң жүзінде бекітті; билік тармақтарының – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесінің – тәуелсіздігін және тепе-теңдігін айқындады.
Қазақстан халқы үшін Конституция – ұлттық бірлік пен тұрақтылықтың темірқазығы. Оның арқасында елімізде этносаралық келісім мен саяси тұрақтылық орнады. Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – Ата Заңда бекітілген тең құқықтылық пен бейбіт саясаттың жемісі.
1995 жылғы Конституция уақыт талабына сай үнемі жетілдіріліп келеді. 1998, 2007, 2011, 2019, 2022 жылдары енгізілген өзгертулер мен түзетулер азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, әділетті қоғам құруға бағытталды. Президенттік басқару жүйесі күшейгенімен, Парламент пен жергілікті өзін-өзі басқару рөлі де арта түсті.
Бүгінгі таңда Қазақстан Конституциясы – мемлекетіміздің халықаралық беделін арттырып, өркениетті елдердің қатарына қадам басуына мүмкіндік берген басты құжат.
Ата Заңды ардақтау – тәуелсіздікті қастерлеу. Конституцияға деген құрмет – болашаққа деген сенім. Әрбір азамат өз құқығы мен міндетін білуге, оны сақтауға тиіс.
Баршаңызға 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын!  Еліміз аман, тәуелсіздігіміз мәңгі, Ата Заңымыз әрдайым халқымыздың игілігіне қызмет ете берсін!
Лаура БАҚТЫБАЕВА
30 тамыз 2025 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 412
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930