» » ДАМУҒА ДЕМ БЕРЕТІН ТЕМІРҚАЗЫҚ

ДАМУҒА ДЕМ БЕРЕТІН ТЕМІРҚАЗЫҚ

Конституция – мемлекеттің басты заңы, ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын темірқазық құжат. Сондықтан оны жаңарту немесе жаңа редакцияда қабылдау – уақыт талабынан туындаған заңды қадам.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси жаңғыру үдерісі қоғамның сұранысына жауап беруге бағытталған. Соңғы жылдары ел ішінде әділеттілік, ашықтық, жауапкершілік қағидаттарын күшейту қажеттігі жиі көтеріліп келеді. Жаңа Конституция осы ұстанымдарды нақтылап, билік тармақтарының тепе-теңдігін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға мүмкіндік береді деп сенемін.
Референдум – халық еркін білдіретін ең жоғары демократиялық құрал. Бұл жерде әр азаматтың дауысы шешуші мәнге ие. Біз мемлекеттің болашақ құқықтық негізін айқындайтын тарихи таңдаудың алдында тұрмыз. Сондықтан бұл науқанға бейжай қарау – ел ертеңіне немқұрайды қараумен тең.
Жаңа Конституция, ең алдымен, қоғамдағы әділдік қағидатын орнықтыруға бағытталуы тиіс. Заң үстемдігі қамтамасыз етілген, азаматтың құқығы қорғалған мемлекет қана тұрақты әрі табысты дамиды. Құқықтық мемлекет құру – тек биліктің емес, барша қоғамның ортақ міндеті. Осы тұрғыдан алғанда, референдум – халық пен биліктің өзара сенімін бекемдейтін маңызды қадам.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде елдің ішкі тұрақтылығы мен саяси жүйесінің тиімділігі ерекше маңызға ие. Конституциялық реформалар – мемлекетті заман талабына сай бейімдеудің тетігі. Егер біз қуатты, бәсекеге қабілетті, әділетті Қазақстанды көргіміз келсе, онда Жаңа Конституцияны қолдау – болашаққа салынған инвестиция деп қабылдауымыз керек. Өйткені Конституция – біздің ортақ келісіміміз, ортақ құндылығымыз, ортақ болашағымыз.
Әбдірахман ҚҰЛДҮЙСЕНОВ,
Қармақшы ауданының Құрметті азаматы
15 ақпан 2026 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 492

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930