» » ӨҢІРЛІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВ – СЕНІМГЕ БАСТАР ЖОЛ

ӨҢІРЛІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВ – СЕНІМГЕ БАСТАР ЖОЛ

Мемлекеттік қызмет жүйесіне жаңашыл ойлайтын, білімді әрі бастамашыл кадрларды тарту – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта Қызылорда облысында жүзеге асырылып жатқан өңірлік кадрлық резерв жобасы талантты жастарға үлкен мүмкіндік беріп, олардың басқару саласына келуіне жол ашуда. Соның бірі – Каракеева Рауабану Жетесқызы.
2024 жылы өткен іріктеу кезеңінде өңірлік кадрлық резерв құрамына қабылданды. Көпсатылы әрі бәсекелі іріктеуден өту – әрбір үміткер үшін үлкен сынақ. Дегенмен Рауабану Жетесқызы кәсіби дайындығы мен табандылығының арқасында барлық кезеңнен сенімді өтті.

– Өңірлік кадрлық резерв қалай іріктелді?
– Алғашқы кезеңде құжаттар мұқият сараланып, белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілді. Кейін үміткерлердің білім деңгейі мен қолданыстағы заңнаманы меңгеруі тестілеу арқылы бағаланды. Құзыреттерді айқындау кезеңінде көшбасшылық қабілет, стратегиялық ойлау, бастамашылдық пен шешім қабылдау шеберлігі басты назарға алынды.
Іріктеудің шешуші кезеңінде үміткерлер комиссия алдында өз жобаларын қорғады. Комиссия төрағасы – Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы, ал құрамында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлеген Жәрдемұлы болды. Осындай жауапты сында Рауабану Жетесқызы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты нақты ұсыныстарын мазмұнды жеткізіп, кәсіби біліктілігін айқын көрсете білді.
Нәтижесінде ол резервші атанып қана қоймай, жоба аясында конкурссыз негізде «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалдым. Бұл – мемлекет тарапынан білдірілген зор сенім мен үлкен жауапкершілік.

– Бұл қызметтегі жауапкершілік жүгі қандай?
Бүгінде қатынастары саласындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, инфрақұрылым мәселелерін жүйелі шешу, коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру бағытында нақты жұмыстар атқарудамын. Тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату – оның қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі.
Өңірлік кадрлық резерв – өз мүмкіндігіңді дәлелдеуге берілетін үлкен алаң. Комиссия алдында жобамды қорғау мен үшін зор жауапкершілік болды. Бүгінгі міндетім – артылған сенімді ақтап, ел игілігі үшін адал еңбек ету.
Қай салада болмасын жетістік – табанды еңбектің нәтижесі. Білімі мен тәжірибесін ұштастыра білген жас басшы алдағы уақытта да халық мүддесіне қызмет етуді басты мақсаты санайды.
Өңірлік кадрлық резервтің тиімділігі – лайықты кадрды дер кезінде танып, оларға нақты мүмкіндік беруінде. Ал Рауабану Жетесқызының еңбек жолы – сол мүмкіндіктің нақты нәтижеге айналғанының айқын дәлелі.
Сұхбаттасқан Ақнұр Сағынтай
11 ақпан 2026 ж. 58 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 399
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 247

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728