» » Мирамкүл Бибітова: Өңірлік кадрлық резервке іріктеу аяқталуға жақын

Мирамкүл Бибітова: Өңірлік кадрлық резервке іріктеу аяқталуға жақын


Биыл 1 наурыздан бастап еліміздің барлық өңірлерінде, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада  өңірлік кадр резерві бастау алған болатын. Оған 35 жастан аспаған, жоғары білімді және 3 жылдан кем емес жалпы еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мирамкүл Бибітова баяндады. 
Жобаның мақсаты - жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту.
Іріктеуді Қызылорда облысының өңірлік Кадр комиссиясы жүзеге асырады. Іріктеу жүргізілетін салалық бағыттар айқындалған: индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология.
Резервке іріктеу бес кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңінде өңірлік кадрлық резервке 235 үміткердің құжаты қабылданды.
Екінші кезең екі блокта өтті. Оның бірінші блогы - заңнаманы білуге арналған тестілеуге 226 үміткер тіркеліп, оның 220-сы тестілеу тапсырды, 6 үміткер тестілеу өтуден бас тартты. Екінші блок- жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуге 115 үміткер жіберіліп, оның 114-і тіркелді, ал 1 адам тестілеуге қатысудан бас тартты. Нәтижесінде 51 үміткер кадр резервінің келесі үшінші кезеңіне жіберілді. Бұл кезең «Құзыреттерді бағалау» осы жылдың 13-29 мамыр аралығында Астана қаласында Мемлекеттік басқару академиясының базасында оффлайн форматта өтеді. Аталған кезеңде кандидаттардың мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы  белгілі бір құзыреттерді (белсенділік, қызметті басқару, мәселелерді талдау және шешу, көшбасшылық, сенімділік қасиеттерін) анықтайды.
51 үміткердің басым бөлігін мемлекеттік қызметшілер, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және жеке сектордың қызметкерлері мен мұғалімдер құрайды.
Іріктеудің төртінші кезеңі - «Комиссиядағы құрылымдық сұхбатқа» әрбір кандидат өзінің таңдаған салалық бағытына сай әзірлеген жобасын презентациялайды. Презентация 5 слайдтан тұруы тиіс, қорғауға 5 минут уақыт беріледі. Комиссия үміткерлерді келесі критерийлерге сәйкес бағалайды:
- аналитика;
- білімнің тереңдігі;
- қарым-қатынас дағдылары.
Соңғы кезең - комиссия отырысында комиссияның шешім қабылдауы. Өңірлік резервке өңірімізде 25  адам алынады. Резервте болу мерзімі 2 жылды құрайды.
Жерлестерімізге сәттілік тілей отырып, осы соңғы кезеңге дейін жетіп  жеңімпаз атануына тілектеспіз!


17 мамыр 2024 ж. 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031