» Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Бүгінгі таңда көзі қарақты оқырман бұқаралық ақпарат құралдары, әлеу­меттік желілер арқылы Мемлекет басшы­сының тапсырмасы негізінде президенттің жастар кадр резерві құрылып жатқандығы туралы хабардар.
Дегенмен, азаматтар тарапынан «Президенттік жастар кадрлық резервіне кімдер қатыса алады, қандай құжаттар керек, қайда тапсырамын, қашан өтеді» деген сауалдардың болуы заңдылық.
Осыған орай еліміздегі талантты жастардың қарым-қабілеттерін паш етуге арналған тың жобаның мақсаттары мен талаптары туралы ақпарат ұсынудың қажеттілігі туындап отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында ел дамуында жастардың шешуші рөлге ие болатынын айтып, ол үшін «Президенттік жастар кадрлық резервін» жасақтауға тапсырма берді.
Қазіргі таңда резервке іріктеудің талаптары бекітілді. Қыркүйек айының басынан бастап pkrezerv.kz сайтында «Президенттік жастар кадрлық резерві» жобасына құжат тапсыру басталды.
Жобаға жасы 35-тен аспаған, білімі жоғары, 5 жыл еңбек өтілі және тиісті тұлғалардан ұсыным хаты бар Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Үміткерлерді тіркеу және құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жүргізіледі. Тіркелу барысында үміткер дербес деректерін енгізіп, жеке кабинетін толығымен толтыруы тиіс. Өтінімі жобаның талаптарына сәйкес келген үміткер жобаның іріктеу кезеңдеріне жіберіледі.
Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу 5 кезеңнен тұрады. Әрбір кезеңде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендер келесі кезеңге қатысу мүмкіндігіне ие болады. Үміткерлерді іріктеу үшін мемлекеттік қызмет сала­сындағы кәсіпқойлардан, салалық са­рап­шылардан, ҮЕҰ өкілдерінен, қо­ғам қайраткерлерінен құралған ба­ғалаушылар пулы жасақталған.
Бірінші кезең «Қабілеттерді тестілеу». Үміткерлердің талдамалық және сыни ойлау деңгейін анықтауға бағытталған тестілеу 2019 жылдың 12 қазанында кандидат үшін ыңғайлы кез келген уақытта автоматтандырылған жүйеде өткізіледі.
Келесі кезең «Тестілеуді верификац­и­я­лау» деп аталады. Бұл кезең «Қа­білеттерді тестілеу»кезеңіне ұқсайды және тестілеу үдерісі видео және аудио тіркеуді қамтиды. Іріктеудің бұл сатысы үстіміздегі жылдың 19 қазанында болады.
«Әлеуетті бағалау» кезеңі іріктеудің кешенді сатысы. Бұл кезең 3 бөліктен тұрады. Кандидаттар 22-26 қазан күндері жобаларын көрсетсе, 27 қазанда эссе жазады. Бұл екі саты онлайн түрде өткізіледі. Кезеңнің үшінші сатысы құзіреттерді бағалау үміткердің жеке қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі. Осы кешенді кезеңнің нәтижесімен ең жоғары балл жинаған кандидаттар ғана Сараптамалық коми­ссияның жеке сұқбаттасуына шақырылады.
Іріктеудің төртінші кезеңі 27 қарашадан бастап 13 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Сараптама комиссиясы сұқбаттасу мен үміткерлердің мәліметтерін талдап, ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына ұсынылатын кандидаттардың тізімі қалыптастырылады.
2019 жылдың 25 желтоқсанына дейін Ұлттық комиссия отырысының нәтижелері бойынша «Президенттік жастар кадрлық резервіне» қабылдау туралы шешім қабылданады. Іріктеудің соңғы кезеңіне кандидаттардың қатысуы көзделмейді.
Іріктеудің барлық кезеңдерінің нәти­желері кандидаттардың ұялы телефон нөміріне смс түрінде келеді. Сонымен қатар іріктеу кезеңдерінің нәтижелері туралы ақпарат кандидаттардың жеке кабинетіне орналастырылатын болады.
Елімізде алғаш рет қолға алынған теңдессіз жоба іріктеуінің барлық сатысынан сүрінбей өтіп, резервке қабылданған азаматтардың мемлекеттік басқару жүйе­сімен қатар квазимемлекеттік секторда да басшылық лауазымға келуіне мүмкіндік ашылады. Президенттік жастар кадрлық резервіне енгендердің аудан әкімдерінен бас­тап астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстардың әкімдері мен министр лауазымдарына дейін тағайындалуы көзделуде.
Бұл жоба – білімді, талантты, қарым-қабілеті жоғары азаматтардың жоғары саяси лауазымда еліміздің дамуына адал қызмет етуі үшін ашық және тиімді «әлеуметтік лифт» болады.
Ержан ҚАРЫМСАҚОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы
бойынша департаменті басшысының орынбасары
---
19 қыркүйек 2019 ж. 1 600 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031