» » Президенттік жастар кадр резерві: жаңа мүмкіндікке жол ашады

Президенттік жастар кадр резерві: жаңа мүмкіндікке жол ашады


Осы жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің 3-ші кезеңі басталады. Азаматтарды іріктеу – 6 кезеңнен тұрады. Сондай-ақ, Президенттік жастар кадр резервіне жасы 35-тен аспаған, жоғары білімді, кез келген салада жұмыс өтілі бес жылдан кем емес және мемлекеттік тілді еркін меңгерген ҚР азаматтары қатыса алады. Бұл жөнінде Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ерлеген Мендалиев хабарлады.

– Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін кандидаттар 1-30 қыркүйек аралығында pkrezerv.gov.kz атты арнайы сайтта құжаттарын тіркей алады. Одан кейін мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті бағаланады. Үшінші кезеңде үміткерлердің таңдаған салалық бағыттарына байланысты ситуациялық тапсырмалар беріліп, олардың көзқарасын бағалауға бағытталады. Төртінше кезеңде құзыреттерді бағалау кезеңі деп аталады. Бесінші кезеңде азаматтар арнайы құрылған сарапшылық комиссиясында пікір алмасады. Ал соңғы кезеңде Ұлттық комиссияның отырысы өтіп, Президенттік жастар кадр резервіне үздік 50 кандидат қабылданады. Бұл жиын осы жылдың 25 желтоқсанына дейін өткізіледі деп жоспарлануда. Ерекше атап өтетін жайт, резервтегі адамдар заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік саяси лауазымдарға, «А» корпусының лауазымдарына, «Б» корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Сондай-ақ, резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды, - деді Ерлеген Жәрдемұлы.

Баспасөз конференциясы барысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойыша филиалының директоры Мұрат Әйтімов аталмыш жобаның маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік басқару жүйесінде үздіксіз білімнің қажеттілігін алға тартты.

–Жастарды ел игілігіне тарту – бүгінгі күннің маңызды мәселесінің бірі. Осы орайда Ел Президенті мемлекеттік басқару жүйесіне жастарды тарту мақсатында осы жобаға аса назар аударып отыр. Елге өзгеріс әкелетін әрбір жас жарқын болашақтың негізгі тетігі сынды. Сол үшін де жастар Президенттік жастар кадр резервіне қатысу мүмкіндігін жіберіп алмауы керек. Өйткені, бұл жоба үлкен мүмкіндіктерге жол ашады, - деді Мұрат Жолдасбекұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

21 тамыз 2023 ж. 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031