» » Өңірлік кадр резервтеріне іріктеудің қорытындысы жарияланды

Өңірлік кадр резервтеріне іріктеудің қорытындысы жарияланды

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде алғаш рет әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын жас басқарушылардың тобын қалыптастыру мақсатында өңірлік кадр резервтеріне іріктеу жүргізілді.

Өңірлік кадр резервтерін қалыптастыру өңірлерді дамытудың ерекшелігі мен басымдықтарын ескере отырып, 7 бағыт бойынша жүргізілді. Нақты салалық бағыттар мен резервшілердің санын өңірлік кадр комиссиялары айқындады. Құжаттарды қабылдау кезеңі 1-31 наурыз аралығында өткізіліп, жобаның ресми сайтында барлығы 11 505 адам тіркелген, оның ішінде 5 354 кандидат іріктеуге қатысуға жіберілді.

Атап өткен жөн, іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысты.

Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастау алған өңірлік кадрлық резервке қатысуға өңірімізден 235 адам өтініш білдіріп, 226 үміткер іріктеу кезеңдеріне жіберілген болатын. Іріктеудің келесі кезеңінде үміткерлер Заңнамаларды білу мен жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеу, құзіреттерді бағалаудан өткізілді.

Төртінші кезең, атап айтқанда «Комиссиядағы құрылымдық сұхбат» кезеңіне жолдама алған 40 үміткердің 36-сы өз жобаларын өңірлік кадр комиссиясы құрамының алдында қорғап шықты.

Комиссия отырысының қорытынды шешіміне сәйкес 25 үміткер Қызылорда облысы бойынша Өңірлік кадрлық резервке қабылданды. Бүгінде сол іріктеудің қорытынды тізіміне Қармақшы ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас инспекторы Жолмаханов Нұрсұлтан Сабытбекұлы, Төретам кенті әкімі аппаратының жетекші маманы Каракеева Рауабану Жетесқызы, Қармақшы аудандық отбасын қолдау орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты Маденов Серікболсын Бекболатұлы, аудандық білім бөлімінің № 272 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Есенгелдинова Мауегуль Едигеевна енді. қызметте сатылап өсіп, тәжірибесі толысқан білікті мамандар іріктеу кезеңінің барлық сатысынан сәтті өтіп, жақсы нәтижеге қол жеткізуі үлкен жетістік.

Өңірлік кадр резервтеріне қабылданған адамдардың тізімі жобаның onir.pkrezerv.gov.kz ресми сайтында жарияланды.
Өңірлік кадр резервіне қабылданған адамдар уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурссыз орналаса алады.

Барлық жерлестерімізді іріктеуден сәтті өткендерімен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!

04 қыркүйек 2024 ж. 87 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 346
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031